Оқушыларын ашық балағаттаған мұғалімнің қылығы жұртты шошытты

Сенбі, 19 Наурыз , 2016 22:16

Сыныпта отырып оқушыларын аямай балағаттаған ұстаздың қылығы жұртты шошытты.

9

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әйел ұстаздың жүйкесі тозғандығы ма, әлде оқушылардың шектен шыққаны ма, ол жағы белгісіз. Әйтеуір видеодағы жас ұстаз шәкірттеріне шетінен екілік бағаны қойғанымен қоймай, боғауыз сөздер айтып ашық балағаттап жатыр.  Оқушылары да мұғалімнің мұндай  сөзіне үйреніп қалған сыңайлы. Таңдана қараудың орнына ұстаздарын әжуалай түсуде.

(Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады)

Жоғары санатты ұстаз, ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында аталған курсты бірінші (ілгері) деңгей бойынша бітіруші Өмірбек Шыныбекұлы жас ұрпаққа нағыз ер-азаматтың бойындағы табандылық пен ерлік сынды қасиеттерді сіңіру үшін мектепке ер-азаматтарды жұмысқа тартуды ұсынған болатын. Жоғарыдағы видеодан кейін ұстаз сөзінің жаны бар дерсіз.

“Мұғалімдердің 90%-ы әйел.  Сол әйелдің кемі 60%-ы әртүрлі жағдаймен еркексіз жүрген қыз-келіншек. Бала кімнен тәрбие алып жатыр?  Ылғи әйелдердің тәрбиесінде жүріп, ерлік пен өрлікті кімнен үйренеді? Олардың біразы ертең мектепке мұғалім болып барады…
Шет-шегі жоқ бірдеңе…”, – деп Өмірбек Шыныбекұлы қоғамда жалғызбасты аналардың көптігін тілге тиек етті. Олардың жеке өмірі қызметіне кері әсерін тигізетін  айтқан.

Ары қарай “Қандай жолмен болса да ер – азаматты мектепке тартудың амалын табу керек…”, – деп жоғары санатты ұстаз Өмірбек Шыныбекұлы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екенін меңзеді. Ал видеодағы ұстаздың әрекетіне қатысты қазірге ешқандай ақпарат жоқ.

Естеріңізде болса осы уақытқа дейін Алматыда оқушыға орындық көтергізіп қойған мұғалімнің жұмыстан қуылғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бұл оқушылар ғой. Бұны калайда ұстап дəлелдеу керек. Түрін де нақты түсірмеген. Оқушылардың ойыны.

    • Жұмбақ жан says:

      Отырган мугалйм емес точно.сол сыныптың окушы кызы,даусынан бйлйнйп тур гой,жасоспірім екені,телефонга тусіріп жургенйн коріп турып мугалйм осылай айпаса керек

  • Жұмбақ жан says:

    Алғашқы күннен бастап, оқушыларды қатты ұстау керек.
    Оқушыларға өзін сыйлатып уйрету керек. Ал бұл жерде ұстаздың қателігі, жаман сөздер пайдаланатын ұстаздарды кім сыйласын. Бұл сөздерді оқушылар күнде естіп жүрген сыйақты. Барлығымыз оқушы болдық, өзін сыйлата алған, ұстаздардан үлгі алдық. Бізде осындай оқушы болғанбыз, жас ұстаздарды жылатқанбыз, яғни ұлдар жағы. Ұстаздарымыз біздің алдымызда жылаған кездер болды. Көз жасын көріп, біз қателігіміз үшін кешірім сұрағанбыз. Одан кейін ол ұстаздарымызды ренжіткен емеспіз. Қаталдардан тәрбие алдық. Əр ұстаз өзін алғашқы күнінен бастап, дұрыс ұстау керек, яғни тұлға ретінде.
    ( базардағы тəтелер сыйақты емес) Ұстаздың тәрбиесінің төмендігі .

  • Жұмбақ жан says:

    Боратқа несіне ренжиміз. Универсетте жемқор оқытушыдан дәріс алған ұстаздың түрі осындай, одан білім мен тәрбие алып отырған оқушының түрі мынадай. Еліміздің ертеңі не болмақ.

  • Жұмбақ жан says:

    Массаган сумдыккой устаздын аузынай сумдык мугалим дурыстап карым катынас жасаса окушыда тандап еди

  • Жұмбақ жан says:

    мынау мугалим емес сиякты гой

  • Жұмбақ жан says:

    Окушылар сондайга апарып тур

  • Мырза says:

    Менимше сондай жагдайга алып келгенго окушылардын журиси адилеттима? Мугалимди сыйламагандыкко

  • Қали says:

    Өмірдің ұсынысы дұрыс! Әйел оқытушы тәрбиелеп, оқытқан бала әйел мінезді болып өседі!

  • Жұмбақ жан says:

    Қиын мугалимге оқушылар тыңдап тұрған жоккой;;;

  • Жұмбақ жан says:

    Бул жерде устаз гана емес Окушылардын да озин – ози устауы оте нашар. Ата-анасынын тарбиеси ме. .?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар