Оқушыларға мүшеқап тарату мәселесі Бекболат Тілеуханның ашуын келтірді

Бекболат Тілеухан мектептерге мүшеқап тарату дегенге ашуланды. Ол жастар арасында отбасылық құндылықты насихаттау керек деп есептейді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға  сілтеп  Stan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

“Сіз Қазақстанда ажырасудың көп екенін айтасыз. Қазақта “қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман дейді”. Мұны миға енгізуге болмай ма? Болады. Бірақ мектептерге мүшеқап тарату туралы ұсынысқа ешқандай пікір білдірмеген Білім және ғылым министрлігі рухани құндылықты дамытуға оң көзқараспен қарайды деп ойламаймын”, – деді Тілеухан.

Өткен жылдық қараша айында Білім министрлігінің Денсаулық туралы кодекске сәйкес, жасөспірімдерге мүшеқапты тегін тарату мәселесін қарап жатқаны хабарланаған еді. Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты басқармасы ақпарат насихаты аз болғандықтан жасөспірідердің сақтану құралдарын пайдаланбайтынын айтқан болатын.

Орталық мәліметінше, 15-пен 19 жас аралығындағы жастар сексуалды қатынасқа түседі. Олардың жыныстық қатынасқа түсетін орта жасы – 16. Олардың әрбір бесіншісі мүшеқап қолданбайды. Зерттеу кезінде, 22 бойжеткеннің табиғи түсік жасатқаны анықталды. Ал, 2 пайызы үй жағдайында түсік жасатқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр