Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушылар сауалнамасындағы секс туралы сұрақ қарағандылық ата-аналарды шошытты

Қарағандыда бесінші сынып оқушыларына арналған сауалнамадағы секс туралы сұрақ ата-аналарды шошытты. Сауалнама бірнеше мектепте жүргізіліп, оған 500 адам қатысқан.

ирип

Сурет uchi.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ата-аналар сұрақтар баланың жүйке жүйесіне зиянын тигізеді деп есептейді. Ақыры ашуланған ана журналистерге хабарласқан.

“Сені секс туралы видеолар, порнографиялық суреттер көруге мәжбүрледі ме?”, “Сенің интимдік мүшелеріңе қол тигізген кез болды ма?”, Сен өзің қаламаған сәтте, сенімен жыныстық қатынасқа түскісі келді ме?” деген сұрақтар жүр. Мен бұл сауалдар жастарына сай емес деп ойлаймын. 5-ші сыныпта олар секс туралы ойламауы тиіс”, – дейді оқушының анасы.

Хатта Қарағанды деп мектеп нөмірі жазылып тұрғанына қарамастан ашулы ананы табу оңайға түспеді. Білім басқармасына дәл осы мәселеге қатысты ешкім хабарласпаған. Оны дағдарыс орталығы дайындап шығарыпты.

Ресми мәлімет бойынша, 2010 жылы балаларға жасалған зорлық саны 500-ге жуық болса, 2016 жылдағы 6 айдың қорытындысында 700 жағдай тіркелген. Алайда мамандар педофилдердің құрығына ілінгендер саны бұдан да көп дейді. Сондықтан да балалар көп нәрсені жасырып қалады. Ал осындай сауалнамалар арқасында олар ашық пікір білдіруі мүмкін дейді мамандар.

“Ата-анасымен де сөйлесу керек деген шағым болды. Бұл дұрыс емес. Сол ата-анасының өзі педофилдің, зорлаушының қатарынан болуы мүмкін. Бұл соңғы кезде жиі кездесуде. Инцест дегеннің не екенін естіп пе едіңіз? Бізге дәл осындай жағдаймен 7-8 адам хабарласты”, – дейді Гендерлік ақпараттық-сараптамалық орталық төрайымы Наталья Усачева.

Психологтар да бұл сауалнамадан соншалықты естандырарлық сауал көрмеген.

“Қазір интернет арқылы неше түрлі болып жатыр. Біз осындай сауалдар қою арқылы, қай балаға көмек керек екенін анықтайтын боламыз”, – дейді Қарағанды қалалық білім бөлімінің психолог-методисті Екатерина Ганина.

Талқылау