Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы телефонына құлаққап қосып ұйықтағаннан кейін қайтыс болды

16 жастағы малайзиялық жасөспірім зарядталып тұрған смартфонына құлаққап қосқаннан кейін тоқ соғып мерт болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқушы телефонына құлаққап қосып ұйықтағаннан кейін қайтыс болды

Қайғылы оқиға Негери-Сембилан штатындағы Рембау қаласының маңында орын алды. Анасының айтуынша, таңертең ол ұлынын еденде жатқанын көріп, ұйықтап жатыр деп ойлаған. Бірақ, жұмысынан қайтып келгенде де 16 жасар ұлы ұйқыдан оянбай, сол күйі еденде жатқан. Сонда анасы баласын оятуға тырысып, ақыр соңында дәрігерлерді шақырады. Дәрігерлер оның сол құлағының күйіп кеткенін және мәйітті ашқаннан кейін жасөспірімнің электр тоғының соққысынан қайтыс болғанын анықтады.

Сөйтсе, жасөспірім тоқта зарядталып тұрған телефонға құлаққап жалғап ұйықтаған екен. Ал жасөспірімнің ағасы телефонға қолын тигізгенде, әлсіз электр тоғының соққысын сезгенін айтты. Осы жағдайдан кейін баланың суреттері ескерту ретінде ғаламторда таратыла бастады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау