Оқушы қыздардың биі жұрттың ашуына тиді (видео)
Ақ көйлек пен қара белдемше киген мектеп оқушылары билеп, жұрттың сынына қалды. Қыздар камераны жерге қойып шетелдік әннің ырғағына түрлі қимыл-қозғалыс жасаған. Видеода оқушылардың аяқтары жылтырап, белдемше әдеттегіден қысқа болып көрінген. Осыған орай желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр. Тіпті “педофилдер осындай қыздардың кесірінен пайда болады” дегендер де болды.
Талқылау