Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушы қыз сирек кездесетін дерт салдарынан мектепке пижама киіп баруға мәжбүр

Ұлыбританияда 9 жасар қыз мектепке пижама киіп баруға мәжбүр. Себебі оның мектеп формасына аллергиясы бар екен.

Оқушы қыз сирек кездесетін дерт салдарынан мектепке пижама киіп баруға мәжбүр

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ноттингем графтығындағы Киворт аулында тұратын Лили Мейсон «шырлы жасушалардың белсенділігі синдромы» аталатын сирек кездесетін дерттен зардап шегеді. Соның салдарынан оның иммундық жүйесі шектен тыс сезімтал болып, түрлі қоздырғыштар қатты әсер етеді.

Былтырғы жылдың қазан айында Лилидің мектеп формасына аллергиясы пайда болған. 9 жасар қыздың денесінің бәрі бөртіп ауырыпты. Анасы Джой қызына жұмсақ матадан тігілген пижама кигізіп, сол күйінде мектепке жібереді. Себебі сол пижамаға ғана аллергия тудырмайды екен. Бөртпелер мен ауырсыну сезімінен бөлек, Лилиде анафилаксиялық шок болуы мүмкін. Сондықтан оның пижама кигеннен басқа амалы қалмапты.

Оқушы қыз сирек кездесетін дерт салдарынан мектепке пижама киіп баруға мәжбүр

«Матаның кей түрлері аллергия тудыратын. Алайда оның жағдайының тез өзгеретіні сонша, ненің аллергия тудыратынын бірден ұғыну қиын. Бір күні бәрі жақсы болса, ертесі күні бәрі керісінше өзгеріп шыға келеді», – дейді қыздың анасы.

Ал ауру белгілері асқынған кезде оқушы қызға тек пижама киіп, арнайы жастықтардың үстінде отырым, ауруды басатын дәрілер ішуге тура келеді. Ол тек тағамның 9 түрін ғана жей алады.

Оқушы қыз сирек кездесетін дерт салдарынан мектепке пижама киіп баруға мәжбүр

Лилидің аллергиялық дертке шалдыққаны былтыр ғана анықталған.

«Біз Лилидің кез-келген затқа аллергиясы пайда болу мүмкін екенін білдік. Кейде ол анафилаксиялық шок алып, денесі бөртіп, мұрнынан қан ағып, қатты әлсіреп қалады. Оның өзін жақсы сезінетін сәттері аз», – дейді анасы.

Оқушы қыз сирек кездесетін дерт салдарынан мектепке пижама киіп баруға мәжбүр

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау