Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқу аптасының қысқаруы есебінен оқушылар қосымша 33 күн демалыс алады

Келесі оқу жылында бірінші сынып оқушылары оқу аптасының қысқаруы есебінен қосымша 33 күн демалыс алады.

detail_8e2b17141e5ffc575058eee5fee65d55

Сурет info-tses.kz

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Бірінші сыныптарға бес күндік оқу аптасын бекіттік. Сенбі, жексенбі ата-анасымен болады. Оқу аптасының қысқаруы есебінен 33 күн қосымша демалыс алғалы отыр”, – деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ОКҚ баспасөз конференциясында.

Оның пікірінше, қосымша демалыс күндері оқушылардың денсаулығына оң әсер етуі тиіс. Ол барлық сыныптар бес күндік оқу аптасына 2019 жылға дейін көшірілетінін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бірінші сыныптарында бес күндік оқу аптасы енгізіледі. 2017 жылу бес күндікке екінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы сынып оқушылары көшеді.

Қазақстандық мектептер қыркүйектен бастап 5 күндік оқу аптасына көшеді

Ата-аналар оқушылардың жазғы демалысын қысқартуға қарсы шықты

Президент бастауыш сыныптарды төрт күндік оқу процесіне ауыстыруды ұсынды

Қазақстандық мектептерде жаздық демалысты қысқартады

БҒМ басшысы: мектептерде бес күндік оқытуды енгізу үшін 3-4 жыл керек

Талқылау