Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғынын 5 тонна құрама жем үшін өлтірді (фото)

ОҚО тұрғынын 5 тонна құрама жем үшін өлтірді. ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Кенжебек Оңдасынов хабарлағандай, Сайрам аудандық ауруханасына кеудесіне оқ атқан ер адамның мәйітін жеткізді.

оқо4

Қаза тапқан азамат 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция қызметкерлері оқиға орны мен дәйекзаттарды да тез тапты. «Зил» көлігінің салонынан қан іздері мен ұялы телефон табылды. Келеңсіз жағдайдың мән-жайын қаза тапқанның туыстары айтты. «Жуырда ер адамға белгісіз біреулер келіп, кебек сатып алуды ұсынған. Ақсукентке жеткенде белгісіз біреулер қаруымен қорқытып, жүкті беруді талап етті. Жапа шегуші қарсылық көрсеткендіктен, оған оқ атқан. Кейін олар ізін суытып, туыстары жедел жәрдем мен полицияны шақыртты», – деді Кенжебек Оңдасынов.

ОҚО

Тәртіп сақшылары екі күдіктіні ұстады. Бұл 1994 және 1984 жылдары туған Сайрам ауданының тұрғындары болып шықты. Үлкені бұрын істі болған.

оқо3

Дәйекзат ретінде қаскөйлерден 12 калибрлі мылтықты тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99 және 287 баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды.

оқо1

оқо2

Талқылау