ОҚО тұрғындары қайынағасының күйеубаласын автобекетте ұрып өлтіргенін айтуда

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 17:58

7 қараша күні түс мезгілінде ОҚО-ның Сары­ағаш ауданына қарасты Абай ауылында жүздеген адамның көз алдында адам өлімі болды.

drakawmoskwe

Автобекеттегі орын алған қанды оқиғаға қатысушылар бір ауылдың жігіттері екен. Тіпті олардың қайнаға мен оның күйеу баласы екенін айтып жүргендер де жоқ емес, деп жазады Замана газеті.

Дегенмен бұл жанжалдың шығуын әркім әртүрлі айтуда. Сондықтан біз олардың өздерін тыңдап көруге дұрыс көрдік.

“Оқиға болған күні мен де сол жерде болдым. Бірақ сәл бұрын жолаушымен кетіп едім. Бір айналып келсем, полицейлер жүр. Не болғанын сұрастырсам, автобекеттің ішіне кіретін тепкішек үстінде екі адам төбелесіпті. Біреуі екіншісін ұрып жығып, аяусыз тепкілесе керек. Құлаған соң басын аяғымен мыжыған”, – дейді такси жүргізушісі Айбек Төрениязов.

Өлген жігіт ұрған азаматтың күйеу баласы секілді. Қарындасы ажырасып жүрген. Марқұм автобекетте әйелін көріп қалып боқтаса керек, содан келіншек ағасын шақырған. Өз кезегінде ол қарындасының намысын қорғаймын деп мойнына адам қанын жүктеді.

“Біздің үйде той болып жатқан. Соған Шымкент пен Қызылордадағы таныстарымыз кештетіп бір-ақ келді. Сұрастырсақ, автобекетте адам өлімі болып, сол төңіректе жүріп қалыпты. Айтуларына қарағанда, бір адам екіншісін ұрып жатқанда ешкім оларды ажыратпастан айналып кете беріпті. Себебі анау біреуді тыңдау былай тұрсын, араша түскен адамның өзін қоса өлтіруі мүмкін дейді. Бұл адамдар не болып барады, аяушылық деген қайда? Адам өлтіріп жатқанды көріп ажыратпау немесе полиция шақырмау деген не сұмдық?!”, – дейді Абай ауылының тұрғыны Артықбай Бекқұлов.

“Екеуі де біздің ауылдың жігіттері екен. Марқұмды жұрт «Толик» деп атайтын. Төбелес болып, құлағанда басы бетонға тиген деп естідік. Жедел жәрдем келгенше өліп кетіпті”, – дейді Қошқарата ауылдық округінің әкімі Қонай Бекмұратов.

Екеуінің ешқандай туыстық қатынасы жоқ. Күйеу бала да емес. Өлтірген жігіт одан он жастай кіші. Марқұм бір қызды боқтапты, содан оның ағасы келіп ұрып өлтірді дегенді де естімедім. Оның себебі тергеу барысында анықталатын шығар. Төбелестің мұндай жағдайға жеткеніне қарағанда араларында бір келіспеушілік болуы мүмкін. Әйтпесе қараптан-қарап адам өлтіру оңай емес қой.

…Біз бұдан кейін де бірнеше адамға хабарластық. Олардың барлығы марқұм мен оны өлтірген адамның арасында туыстық қатынас бер дегенге сенбейтіндерін айтты. Дегенмен қалай болғанда да араларында бір даудың болғаны анық секілді.

Жіберіп алмаңыз:

Дариға Назарбаеваның жұлдызды сыңары табылды (фото)

Дәрігер: Әйел 6 сағат ішінде босануы тиіс

Жігіті өзін түрмеден шығарған бойжеткенді тастап басқаға үйленіп кеткен

Ресейде мектеп оқушылары тікелей эфирде өздерін атып өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар