Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғындары «Камаздан» жылжымалы бассейн жасап алған

ОҚО-дағы Арыс қаласының тұрғындары аптап ыстықта «Камаздан» жылжымалы бассейн жасап алған. Көше-көшені аралап жүрген көліктегі суға мәз-мейрам болған жұрт жарыса түсіп жүр.

ОҚО тұрғындары «Камаздан» жылжымалы бассейн жасап алған

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Су толтырылған жүк салғышқа түсіп жүрген адамдардың сөзінен олардың қуанып, рахатқа батқаны байқалады. Тіпті, жүк салғыштағы салқын су құдықтан алынғандықтан, кейбірі сусындарын мұздату үшін су түбіне тастапты.

Алайда көпшіліктің осылайша «Камаздағы» бассейнге түсіп жүрген видеосы желіде тарап кеткеннен кейін, полиция бассейн иелерін жазалған.

«Пернебаев Махсуд Күзембаевичке Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 593-ші бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және айыппұл салынды», – дейді Арыс қалалық жол патрульдік полициясының бөлімше командирі Бекжан Мамахов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау