Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тумасы ауылына 120 миллион теңгеге спорт кешенін салып берді

Ауылдастарының чемпион болғанын қалайтын азамат өз қаржысына спорт алаңын салып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тумасы Тұрымтай Оразалиева шаңы көтерілетін алаңда доп тепкен жастарды көріп, соларға ыңғайлы жағдай жасап бергісі келген. «Ұлан» спорт кешенінде жағдай бар. Бұл жобаға кәсіпкер 120 миллион теңгесін жұмсапты, деп хабарлайды 24 хабар.

1,5 гектар аумақты алып жатқан нысанда екі үлкен, екі кішкентай футбол алаңшасы бар. Жабық алаңда жылдың бар мезгілінде спортпен шұғылдануға болады. Қазір бұл нысан ауыл балаларының да жиі келетін орнына айналды. Спорт мектебінің оқушылары да аптасына 4 рет осында жаттығу жасайды.

 

Талқылау