ОҚО полицейлері жаңа жауған қардың арқасында оқушы қызға тиіскен күдіктіні қолға түсірді

Жексенбі, 7 Ақпан , 2016 14:37

26 қаңтар күні Төле би аудандық полиция бөлімшесіне 13 жасар мектеп оқушысының ата-анасынан шағым түскен. Қыз ата-анасына жолда келе жатқанда бейтаныс еркектің тиіскенін айтқан.

d29622e9_resizedScaled_817to483

Сурет vtambove.ru сайтынан алынды

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Қыздың айтуынша, оған ер адам екі мың теңге ұсынып, өзімен бірге оңаша жерге баруын сұраған. Қыз айқайлап көмек сұраған сәтте ол тұра қашқан.

“Қыздың ата-анасының шағымынан соң барлық патрулдік бекеттерге жас шамасы отыздардағы ер адамды іздеу туралы бұйрық түсті. Ол адамды іздеумен жедел топ айналысты. Келесі күні Леңгір қаласында да бейтаныс ер адамның оқушы қызға тиіскені туралы хабар түседі. Ол жерде де оқиға желісі бірдей, қызға ақша ұсынған. Оқушы қыздың жасы он екіде екен. Ол үйіне барып айтады. Ата-анасы дереу полиция бөлімшесіне хабарласады. Нәтижесінде жедел топ оқиға орынына жетіп, күдіктіні ұстады”, – деп хабарлайды Төле би аудандық полициясы.

Күдіктіні ұстауға Леңгірде жаңа түскен қар себеп болған. Көшеде адам жоқ болғандықтан, олар әлгі ер адамның ізін кесіп отырып оңай тапқан. 1984 жылы туылған азамат тұтқындалып, тергеу изоляторына жөнелтілген. Леңгір тұрғындары ол күдіктінің құқық қорғау органдарының бірінде жұмыс жасайтыны туралы да сыбыс айтқан. Алайда, полиция бұл болжамды жоққа шығарды. Оған ҚР ҚК 124 бабы 3 тармағы (Кәмілеттік жасқа толмаған балаға тиісу) бойынша айып тағылып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар