Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды мұражайына Кенесары ханның қылышы табысталды (фото)

ОҚО-дан келген Қарағандыдағы көрмеге ерекше экспонаттар қойылды, деп хабарлады мәдени делегацияның өкілдері.

мұражай2

БҰл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Қарағандыға сапар жасауға мұқият дайындалдық. Біздің музейімізде 170 мыңнан астам жәдігер сақталған. Сіздерге соның 1000-ға жуығын әкелдік. Көрме Оңтүстік өлкенің тарихынан сыр шертеді», – деді ОҚО мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова.

Ол Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлау қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерге арнап жеке стенд дайындалғанын айтты.

мұражай3

Делегация басшысы ерекше жәдігер – қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының қылышына назар аударды.

мұражай1

«Хазақ халқының, әсіресе басқарушылардың дәстүрінде қаруды ұрпақтағы ұлдарға тапсыру әдеті болған. Кенесары жанұясында да осындай дәстүр болған. 1841 жылы ақ киізге көтерілген қазақтың соңғы ханы 1847 жылы қақтығыстарда қазаға ұшырағаны белгілі. Ол дүниеден озған соң екі әйелінен 8 ұл қалды. Кенжесі Ахмет сол кезде 5 жаста болған. Ахметтің ұлы Әзімхан, Кенесарының немересі 1931 жылы атасының қылышын мұражайға тапсырған», – деді оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Лариса Морозова.

Мұражай

«Музейге сыйланған жәдігер біздің заманымызға дейін сақталды», – деді мұражай қызметкері.
Жәдігерді бірнеше рет Астанаға, өзге өңірлерге апарған. Кенесары қылышы Германияға да апарылған.

Талқылау