Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО мен Қызылорда тұрғындарын алаңдататын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» бағытталған 14 сұрақ

«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қызылорда және Шымкент қалаларындағы банк салымшыларымен жүздесті. Жыл соңына дейін мұндай кездесулер Қазақстанның өзге де өңірлерінде өтпек. Кездесу барысында салымшылар қойған маңызды сұрақтарды жариялауды жөн көрдік.

14257663_629670173859902_5052962223389919903_o

 

Сұрақ №1. Егер басымда баспанам болса, мемлекеттік бағдарламаға қатыса аламын ба?

А. Жұмағұлов: – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қатысты белгілі бір таптаурындар бар. Коммерциялық нарық арқылы тұрғын үй алу қарастырылған өнімдеріміз болғанымен, біздің тек мемлекеттік тұрғын үйлерді үлестіретінімізді естеріңізге сала кеткім келеді. Егер сатылым бағасының 50 пайызын депозитке салып, мұнан кейін ипотекалық несие алуға дайын болсаңыз – еш қиындық жоқ. Сіз 3 жылдан 5 жылға дейін ақша жинауыңыз керек. Ол – біздің формуламыз, заңды әрі мемлекеттің шарты. Егер қажетті соманы уақытынан ерте төлеуге дайын болсаңыз, құттықтаймын. 2014 жылға дейін ауқатты адамдар 2-3 пәтерге дейін сатып алған жағдайлар болды. Алдағы күндері мұндай болмас үшін, мемлекет кей тармақтарға өзгеріс енгізді. Ендігіде ол жоқ және болмайды да.

Сұрақ №2. Егер балшықтан тұрғызылған ескі үйім болса, оны жылымайтын мүлік ретінде кепілге қоя аламын ба?

А. Жұмағұлов: – Бұрын біз оны есепке алмаған едік. Қазір, егер балшықтан тұрғызылған үйлер қала сыртында орналасса, оны кепілге ала аламыз. Тиесілі бағасы белгіленгеннен кейін. Оған қоса «жердегі» құрылысты да атап өткім келеді. Бұған дейін оларды несиелемеген едік. Бүгінде, егер азамат Қазақстанның оңтүсітік өңірінде балшықтан не солтүстік аумағында бөренеден үй тұрғызғысы келсе, бұл өтінімдерді қарастыруға дайынбыз.

Сұрақ №3. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үйлердің бағасы көтеріле ме?

А. Жұмағұлов: – бағасына келер болсақ, оны банк емес, басшылық белгілейді. Әрине, барлығы құрылыс материалдарының бағасына байланысты. Бірақ біздің сіздермен арамызда келісім шарт бар. Біз одан ауытқымаймыз.

Сұрақ №4. Ал құрылыс сапасын қалай бақылайсыздар?

А. Жұмағұлов: – Келісемін, кейбір өңірлерде дәйекті шағымдар болды. Сіздер белсенді топ құрып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті филиал қызметкерлерімен және нысанды қабылдайтын мемлекеттік комиссиямен бірге жұмыс сапасын бақылай аласыздар. Ол жерде тұратын сіздер ғой. Егер наразылықтарыңыз болса, үнсіз қалмаңыздар, біздің сайтымызға хабарласыңыздар. Сонымен қатар бізде, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде, құрамына танымал тілшілер де кіретін қоғамдық кеңес бар. Олардың көмегімен құрылыс сапасына, нысанды өткізу мерзіміне қатысты көптеген мәселелерді шештік.

Сұрақ №5. «Өзім үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй шаршы метрінің құны қанша болмақ?

А. Жұмағұлов: – Мұнда, Шымкентте, құрылыс сыныбына байланысты тұрғын үй құны 140-200 мың теңгені құрайды. Бүгінде 100 пайыз мемлекеттік болып табылатын біздің банкіміз өз басында тұрғын үйі жоқ азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді. Десе де біз коммерциялық бағдарламалардан бас тартпаймыз. Егер табыс табу мүмкіндігі туып тұрса, неліктен біз тартымды нұқсалардан бас тартып, коммерциялық банктердегі бәсекелестерімізге жол беруіміз керек?

Сұрақ №6. Шаршы метрі үшін 140 мың теңге – тым қымбат емес пе?

А. Жұмағұлов: – Бағаны банк емес, нарық белгілейді. Егер біз «Өз үйім» бағдараламасының механизмі жұмыс істесін десек, онда құрылысшылардың да қызығушылықтарын есепке алуымыз керек: олар жалақы алып, техникалар мен жабдықтарды қамтамасыз етіп, құрылыс материалдарын  сатып алып, «жерді» дайындауы керек.  Ешкім де тауарды өз құнынан төмен бағада сатпайды. Әрине, «шаршысын» 100 мың теңгеге салуға болады. Бірақ сапасы қандай болмақ? Мұндай үй неше жыл тұрады? Әр жобаның өз экономикалық негіздемесі, өз бағасы бар. Сіздердің өңірлеріңіз үшін, таза өңдеуді қосқанда, 140 мың теңге – негізді баға.

Сұрақ №7. Бүгін иеленген баспанамның өңдеуі ұнамады. Оны қалағанымдай өңдеу үшін тағы 2-3 миллион салуым керек. Бұл әділетсіздік емес пе?

А. Жұмағұлов: – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің әр салымшысы өз «шаршысын» қалтасының қалыңдығына сай сәулеттендіре алады. Біздің міндетіміз – эконом-сыныпты қарапайым үй беру. Элита үшін емес. Қатардағы азаматтар үшін. Әрине, құрылыс стандарты бір болғанымен, сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Бәлкім, болашақта олар жақсы жаққа өзгерер.

Сұрақ №8. Бүгін «Сырдария» шағын ауданынан пәтер алдық. Бәрі жақсы, бірақ ауданы кішкентай. Неліктен?

А. Жұмағұлов: – мемлекет халықтың тұрғын үй мәселесін шеші үшін эконом-сыныпты пәтерлер тұрғызуда. Мемлекеттік бағдарлама аясында ешкім төмен бағаға зәулім сарай салып бермейді. Қалыпты өмір талаптарымен қамтамасыз ету біздің қолымыздан келеді. Ал тұрғын үй ауданын құрылысшылар кішірейте алмайды: заманауи санитралық нормалар мен ережелерді бұзып алуы мүмкін.

Сұрақ №9. Мен – «Өз үйім» бағдарламасының қатысушысымын. Соңғы алты ай бойы ақысыз демалыста болғаным себепті, иөлем жасай алмадым. Енді  менен табыс жөнінде анықтама талап етуде. Маған жеңілдік жасауға бола ма?

А. Жұмағұлов: – Біз клиенттеріміздің төлем төлеуге қабілеттілігін тексеріп келгенбіз және тексере береміз де. Депозитті толтыру үшін сіздің табысыңыздың жетпеуі мүмкін. Айта кетейін, кейінгі уақытта мұндай жағдайлар аз емес. Бұл күрделі мәселе. Сіз тқлемді әрі қарай жалғастыра аласыз ба?  Жоқ?.. Жарайды. Бізге барлық құжаттарыңызды әкеліңіз. Біз оларды жеке тәртіппен қарастырамыз. Бірақ бүгінде сізге ешқандай кепілдік бере алмаймын.

Сұрақ №10. Менің депозитімде 10 миллионнан аса сома болған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша арзандау пәтерге иелендім. Қалған ақшамды мемлекеттік бағдарлама бойынша басқа үй алу мақсатында сақтай аламын ба?

А. Жұмағұлов: – Мемлекеттік бағдарлама бойынша тек бір рет қана тұрғын үй алуға болады. Шынында, егер тұрғын үй ауданын ұлғайтқыңыз келсе, тағы бір нұсқа бар. Ал негізі, тек қарапайым нарықтан ала аласыз.

Сұрақ №11. Мен – мұғаліммін. Және банк салымшысымын. Төрті жыл бойы ақша жинағаныммен, ол бар-жоғы миллион теңгені құрайды. Несие алу қымбатқа түседі. Бірнеше жыл бойы өз баспанамсыз өмір сүріп келемін. Несие алсам деймін. Қандай көмек көрсете аласыздар?

А. Жұмағұлов: – Еш ойланбастан несие алып, кейіннен төлей алмайтынын айтатын адамдар бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің саясаты – өз клиенттерін үнемшілдікке үйрету. Өкінішке орай, адамдардың барлығы бірдей ақшаға жауапкершілікпен қарамайды, қаржы сауаты жетіспейді. Әр түрлі кезеңдер болады: бұлтты, дағдарысты, аштық. Сондықтан әр адамда қаржы қауіпсіздік жастығы болуы тиіс. Оған өзіңізді де, балаларыңызды да үйретуіңіз керек.

Сұрақ №12. Сіздер тұрғын үйге иелену шарттарына қандай да бір өзгерістер енгізе аласыздар ма? Мен бесінші қабаттан пәтер алдым. Бірақ бірінші қабаттан алғым келген еді. Өзгертсеңіздер екен!

А. Жұмағұлов: – бәлкім, менің жауабым сізге ұнай қоймас. Бірақ мен де, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі қызметкерлер де сіздің ахуалыңызды өзгерте алмайды. Тәртіп болу керек. Ертең сізден кейні басқа да салымшылар келіп, өз талаптарын қоя бастайды. Ал бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Шешімді мен емес, компьютер қабылдайды. Әділ және анық баллдық жүйе бар. Себебі компьютерді алдай алмайсың.

Сұрақ №13. Маған банкте бұл мәселені шешуге көмектесе алатын адамдар бар деген еді.  

А. Жұмағұлов: – Біз бірте-бірте ашық ғаламтор-банкі болып келеміз. Оны біздің сайтымыздан тексеріп, кезек дегенді естен шығаруыңызға болады. Және басқа да «көлденең» тәсімдерді ұсынатын алаяқатардың алдауына сенбеңіз. Ондай ештеңе жоқ! Айта кетуім керек, қазіргі уақыта біз онлайн тәртібінде депозитіңізді толықтыруға ғана емес, сонымен қатар несиеңіз бойынша шешімнің қалай қабылданатынын, шешімнің қай сатыда екенін бақылауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасап жатырмыз. Яғни сіз тұрғын үй сатып алу процесін алғашқы салымнан қоныстануға дейін бақылай аласыз. Ол сіздің уақытыңызды үнемдеп, қызметкерлеріміздің жұмысын жеңілдетеді. Әрине, «тірі» кеңесшілер де қалады. Тіпті, қызметті жақсартып, қағазбастылықтан арылу үшін олардың өкілеттілігін кеңейтеміз. Оған үстіміздегі жылдың соңында не келесі жылдың басында көз жеткізесіздер.

Сұрақ №14. Мен «Өз үйім» бағдарламасы бойынша пәтерге ие   болдым. Ендігі ұлыма пәтер алып берсем деп едім. Екінші баспанамды кепілге қоя аламын ба?

А. Жұмағұлов: – Үйді кепілге ала аламыз. Бірақ бәрі-бір депозит ашып, тұрақты түрде ақша салып отыру қажет. Онсыз ешбір бағдарламаға қатыса алмайсыз.

Талқылау