Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО ІІД тұрғындарға 96,5 миллион теңге төледі

Қазақстан республикасының 2016-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа мәтіндегі қылмыстық кодекстің 287 бабына сай, травматикалық қаруын ішкі істер органдарына тапсырмаған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

қару22

Бұл бап бойынша 2 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып пұл немесе нақ осы мөлшерде түзету жұмыстарына жегу. Сондай-ақ, 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе  бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Сол себепті, полицейлер травматикалық және газды-травматикалық тапаншаларды өз еркімен тапсыру мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалғанын ескертеді.

Қару3

Егерде, қолыңыздағы травматикалық қаруға заңды жолмен қол жеткізген болсаңыз. Яғни, тапаншаны алып жүруге ішкі істер органдарынан арнайы рұқсатыңыз болса, сізге қарудың құны төленеді. Мәселен,  жыл басынан бері ОҚО ІІД-не 3387 азамат 3518 дана травматикалық және газды травматикалық қаруын  ерікті түрде өткізген. Соның ішінде 1763 адамға 96,5 миллион теңге төленіпті. ОҚО ІІД жанынан арнайы құрылған комиссия травматикалық және газды-травматикалық қаруларды сатып алуға 148 миллион теңгеден астам қаржы бөлуге 2788 шешім шығарған.

Талқылау