Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО ІІД-де жоғалып кетіп мәйіті табылған Әйгерімнің азапты өлімі жайлы толық айтылды

 Әйгерімнің денесі жоғалып кеткеніне екі апта өткеннен кейін түнгі уақытта табылған. Сарыағаш ауданына қарасты Бағыс ауылының тұрғыны полицияға хабарласып тас жолдың жиегінде мәйіт жатқанын хабарлаған.

2quth3v

Бұл туралы Отырар сайты  жазды.

«Хабарласқан азамат айтқан жерге жедел іздестіру тобының  мамандары дереу барған. Тас жолдан 130 метр қашықта  әйел мәйіті жатқан. Әйгерімнің мойны, оң қолы, екі аяғы  скотчпен, белбеумен маталған»,-дейді  Салтанат Қаракөзова.

Қазірдің өзінде бірінші сот медициналық сарапта қорытындысы бойынша күдіктілер анықталаған. Құжат мәліметтеріне сай қыздың көкірегі мен ішіндегі жарақаттарға қарап өлімінің себебі анықтала бастаған. Қылмыскер қызды көлік бөлшектерін бұрғылайтын кілтпен ұрған.

Алдын ала болжам бойынша  оқиғаға қатысушылар бір-бірімен қатты ұрысысқан. Еркек қыздың барлық ақшасын, қымбат бұйымдарын алып, денесін далаға тастап, өзі қашып кеткен.

Қазір Әйгерімнің өліміне күдікті деп танылған таксиші Сарыағаш ауданындағы уақытша ұстау абақтысына жабылған. Ол 1990 жылғы азамат. Үйленген, екі баласы бар. Ол өз көлігіне отырған жолаушымен көліктің бұзылып қалуына байланысты ұрсысқанын айтқан.

Әйгерім Оспанбекова 10 мамыр күннен бастап жоғалып кеткен.  Қыз Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай шыққан. Ол сол бойы өзі оқитын оқу орнының жатақханасына жете алмаған. Жолда ол өзімен бір бөлмеде жататын қызға такси жүргізушісінен қорқып отырғанын айтып хат жазған. Сондай-ақ, қалаға кірген жерден тосып алуын сұраған. Осыдан кейін екеі қайтып сөйлеспеген.

Екі апта бойына еріктілер қыздың шыққан жерінен бастап Шымкентке дейінгі жол бойын қарап шыққан. Анық болғандай студент Шымкентке тіптен жақындамаған да, тек өз ауылынан аздап қана алыстапты.

Бұған дейін Әйгерімнің мәйті табылғаны туралы жазған едік.

 

 

Талқылау