Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО дәрігерлері суицид жасамақ болған екі жасөспірімді құтқарып қалды

ОҚО-да дәрігерлер өз-өзіне қол салмақ болған екі жасөспірімді өлімнен арашалап қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 сәуір күні Арыс аудандық ауруханасына бір уыс дәрі ішкен қыз келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ОҚО дәрігерлері суицид жасамақ болған екі жасөспірімді құтқарып қалды

Ес-түссіз жатқан қыздың жағдайы ауыр болған. Дәрігерлер тез арада оның асқазанын жуып, медициналық көмек көрсетті. Ем-домнан кейін қыздың жағдайы жақсарды. Қазіргі таңда ол дәрігерлердің бақылауында.

Суицид жасамақ болған екінші жасөспірім Шымкент мектептерінің бірінде 10-сыныпта оқиды. 15 сәуір күні ата-анасы оны асылып тұрған жерінен тауып, жедел жәрдем шақыртқан. Қалалық аурухана дәрігерлері баланы құтқарып қалды. Айтуларынша, қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгін оқушы емханадан шықты. Енді онымен психологтар жұмыс істейтін болады.

Тағы оқыңыз: 

Ұл боп туған: 22 жастағы қазақ транссексуал қалай “қызға” айналғанын айтып берді

Шымкенттік таксист несиесін төлеу үшін жолаушы қызды өлтірген

Алматы облысында бес балалы жалғызбасты ана бүлдіршіндерімен бірге мал қорада тұрып, күнелтіп жүр

ШҚО-да дәмхана қожайынымен жаға жыртысқан қонақтар 10 жылдан 15 жылға дейін сотталды

Талқылау