ОҚО-дағы зорлық көрдім деген 7 жасар баланың адвокатына бопсалау хатын жіберген

ОҚО-да жоғары сынып оқушыларынан зорлық көрдім деген 7 жасар баланың қорғаушысы Бауыржан Азановқа белгісіз біреулер қысым көрсетіп жүр. Оның көлігіне хат қалдырған. Бұл туралы адвокат желідегі парақшасында жазды.

Осымен екінші рет бопсалады деген қорғаушыны біреулер аңдыған.

«Дәл қазір, сағат 08:05-те бопсалау хатын өзім алғаш рет түнеген үйдің ауласында тұрған көлігімнің терезесінен тауып алдым. Бұл хатты жазған адам менің бұл жерде, Астананың дәл осы ауданында қонатынымды алдын ала білмеген, демек менің артымнан аңдыған. Кеше қалада жүргенімде артымнан біреудің аңдығанын сезгендей болдым, бірақ мән бермеп едім. Бұл осымен екінші рет болып отыр. Алғаш рет 2017 жылдың 25 қазанында біреу қорқыту хатын жазып жіберген болатын», – деп жазды Азанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол жемқорлыққа қарсы бюро жетекшіі Алик Шпекбаевқа 2 сәуірде өзін қабылдауын сұрады.

Желі қолданушылары “мәтіннің қате жазылғанына қарағанда қарақшылар жазған”, “үйдің алдындағы видеокамера мен көліктің камерасын тексеру керек”, “мен байланыстамын, хабарлас” деп жанашырлық білдірді.

Тағы оқыңыз:

Қазақстанның барлық жолаушылар пойыздарына Wi-Fi қосылады

Курск ауылының бұрынғы әкімінің үстінен екі бірдей қылмыстық іс қозғалды

Елордада аутизмге шалдыққан балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық науқаны өтілуде

Ақтөбеде қайырымды кәсіпкер студенттерге арнап тегін кафе ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар