Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы тұрғын үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды

Кеше 17 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық газ шаруашылығы қызметінің мәліметінше, 22 жастағы екі жігіттің мәйіті Біркөлік ауылында түске таяу табылған. Алдын ала болжам бойынша марқұмдар газдың иісінен уланып, қайтыс болған. Қазір таңда арнайы мамандар қайғылы жағдайдың себеп салдарын анықтауда.

Бұл биылғы жылға адам өлімімен аяқталған үшінші жағдай. Еске салайық, бұған дейін өңірде екі жасар бүлдіршін мен 32 жастағы әйел де иістен уланып көз жұмған болатын. Тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдауда.

Тағы да оқыңыз:

Қостанай облысында әкесі 3 жасар қызын құтқарып, өзі көз жұмды

Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау

Таиландта мерзімінен бұрын босанған қазақстандық ана мен сәбиі елге жеткізілді

Талқылау