Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы тәртіпсіздіктен соң Мақтаарал ауданының 34 тұрғыны ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін Мақтаарал ауданының 34 тұрғыны ұсталды. Бұл туралы аймақтық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

12074197

“Аудандағы жағдайды бақылауға алған рейд барысында ауданның 34 тұрғыны ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. 7 таяқ пен 5 литр бензин тәркіленді. Олардың құқық бұзушылыққа қатысы тексерілуде”, – деді ІІД.

Полицейлердің айтуынша, 2 тамыз күні Мұратбаев ауылында құрылыс дүкенінің есігі өртенген. Өртті жасаған болуы мүмкін деп полицейлер 30 жастағы Асық-ата ауылының тұрғынын ұстаған.

Сондай-ақ, Дихан ауылында да жергілікті тұрғынның 2 үйі өртеніп, есік алдында тұрған “ГАЗель” көлігін де жалын шарпыған. Қазір бұл іске кінәлілер ізделіп жатыр.

ІІМ арнайы жедел штаб құрып, оқиға орынына ішкі істер министрінің бірінші орынбасары мен облыс әкімі келіп жетті. Еске сала кетсек, осыған дейін Оңтүстік Қазақстандағы төбелесті полиция қызметкерлері тексеріп жатқаны және кейінірек мән-жайға қатысты толық ақпарат та жарияланған еді.

Талқылау