Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы шипажайда мүмкіндігі шектеулі жандар дәретханаға еңбектеп жетуге мәжбүр

Оңтүстіктегі Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтар бас көтерді. Тағдыр тауқыметін тартқандар «Ақсу-Жабағылы» шипажайындағы оңалту орталығында қолайлы жағдайдың жасалмағанына налуда. Онда күн сайын душ қабылдау былай тұрсын, әжетханаға барудың өзі азап екен. Өйткені, ғимараттағы есіктер қол арбаға шақталмаған. Сондықтан, ары қарай еңбектеп жетуге мәжүр болуда.

ОҚО-дағы шипажайда мүмкіндігі шектеулі жандар дәретханаға еңбектеп жетуге мәжбүр

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Ақсу-Жабағылы» шипажайындағы оңалту-сауықтыру орталығына келіп, қиындыққа тап болғандар Жамбыл облысының тұрғындары. Бұған дейін Тараз қаласында ем-дом алып жүрген азаматтарды жергілікті жауаптылар биыл Түркістан облысына жіберіпті. Ал, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жағдай жасалмаған екен. Айтуларынша, душ бөлмесі мен әжетхананың есігі тар болғандықтан, қоларбамен діттеген жеріне жете алмай қор болатын көрінеді.

«16-сы күні келгенбіз бұл жерге. Содан бері дұрыс ем алмадық. Тіпті әжетханаға бара алмаймыз» – дейді Өміртай Ширикбаев.

Мұндағы әжетхананың басты есігінен қоларба емін-еркін өте алады. Алайда, әрі қарай қалдырып кетуге тура келеді.

«Люкс номер деп берген. Ал мұнда ылғал. Ал, душта сау адам шомыла алмайды. Мен қалай шомыламын?» – дейді Ескендір Тұрысбеков.

“Ақсу-Жабағылы” оңалту сауықтыру орталығының басшылығы мұндай мәселенің болып жатқанын жоққа шығармады. Айтуларынша, Жамбыл облысының атқамінерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды осында жібермес бұрын, арнайы делегация келіп-кетіпті. Олар орталықтың жай-күйімен етене танысып, екіжақты келісімге келген.

«Шешілмейтін мәселе жоқ. Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қызмет көрсетуге дайынбыз, көрсетіп те жатырмыз. Жағдайларында жасап отырмыз. Әр мүгедекке медбике мен медағаны бекіттік. Ыңғайсыз жағдай болса, бір жерге жете алмай жатса әрдайым көмектеседі» – дейді «Ақсу-Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенінің директоры Рақымжан Қуанышбек.

Қазіргі таңда кешенде Жамбыл облысының мүмкіндігі шектеулі 10 азаматы ем алуда. Қолдан келген көмегін аямауға уәде еткен Рақымжан Қуанышбек шудың шығуына себеп болған есіктерді, екі аптада ауыстыратын болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау