ОҚО-дағы бірінші сынып оқушысына қатысты: Уәкіл мекемесі хабарлама жолдады

ОҚО-да зорлық көрді деген балаға қатысты істі Адам құқығы жөніндегі мекеме өз қарауына алған болатын. Осы оқиғаға қатысушы барлық тараптармен байланыс жүргізіліп, қызығушылық таныстқан мемлекеттік органдарға сұрау жіберілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің бұл іске қатысты ақпараттық хабарламасын Думан Қожахметов өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде әлеуметтік желілерде осы оқиғаға қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар жарияланған. Әр түрлі дереккөздерден алынған мәліметтер бір біріне сәйкес келмей, баланың отбасына қатысты жалған ақпараттар тарап кетті. Өкінішке қарай, жеті жасар балаға қатысты іс шешімін табудың орнына қоғам талқылауына түсті. Ал бұл шу зардап шеккен балаға кері әсерін тигізеді»,-делінген мекеменің хабарламасында.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында кәмелетке толмаған баланың анасы уәкіл мекемесіне хабарласып ұлының  нақты қайда екенін және онымен қарым-қатынаста болмағанын айтқан.

Ақпараттардың жүйсіздігінің салдары баланың құқығы мен тергеудің дұрыс жүргізілуніне кері әсер етті. Осы уақытқа дейін жариялаған ақпарат ағымында адам құқығына қол сұғушылық секілді бірқатар бұзушылықтар болды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты уәкіл  ҚР Бас прокурорына  бұл  істі Қылмыстық кодекстің  193-бабының 1-тармағының 12 бөліміне сәйкес  жүргізілсін деген өтініш жасады. Ол Бас прокуратураның тәжірибелі қызметкерлерінен құралған тергеу тобын құру туралы бастама көтерді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды тұрғыны шұжықтың ішінен жіпке оралған темір тауып алды

Балиева: 7 жасар баламен кездескісі келетіндерге бір шартым бар

Балиева: Баланың анасы мен адвокаты Астанаға келеді

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісі: Бас прокурор істі тергеуді тапсырды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар