Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы баланың қорғаушысы: Балақайдың тағдырын саясатқа араластырмаса деймін

Бір апта бойы қазақстандықтардың назарында болған сарыағаштық 7 жасар бала қазір қорғаушысы Бауыржан Азановтың қорғауында екен.

Бұл туралы продюсер, әрі телефурналист Бибігүл Дәулетбек өзінің Инстанграм парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Журналисттің айтуынша, ол баланың заңды қорғаушысы Бауыржан Азановпен кездесіп, одан сұхбат алған. Кездесу кезінде қорғаушының екі жақ тарапқа да қатысы жоқ екені белгілі болды.

«Яғни, жеті жасар балақай уәкіл  Зағипа Балиева мен қайырымдылық қор жетекшісі Аружан Саинның қарамағында емес!»,-деді Бибігүл Дәулетбек.

Ал баланы өз қорғауына алған қорғаушы Бауыржан Азанов  бірінші сынып оқушысының қайда екенін ешкімге айтпаймын, деп отыр.  Екі жақ тарапқа да қатысы жоқ қорғаушысы бастысы баланың құқығын қорғап шыққысы келетінін айтты. Ол баланы ешкім мазаламасын деп әдейі жасырын ұстап отырмыз дейді.

«Кеше балақайды алып кеткен күннен бері телефоныма маза жоқ. Анасы жанында, ол жағына еш алаңдамаңыздар. Ал, әлгі алып-қашпа әңгімені шығарған адамдардың көздегені не екенін өздеріңіз түсінерсіздер деп ойлаймын. Аружан Саинды сол  конференцияда бір рет қана көрдім. Балақайдың жағдайы қазір шүкір, жақсы. Ешкім оны мазалай бермесін деп, әдейі жасырын ұстап отырмыз. Әйтпесе, дәл қазір баланың тағдырын ойлап жатқан ешкім жоқ.  Сараптамаға бүкіл ел алаңдаулы»,-дейді баланың қорғаушысы.

Жеті жасар баланы өз қорғауына алған  Азанов сараптамаға өзінің де алаңдап отырғанын айта кетті.  Ол әлеуметтік желіде таратылған алып-қашпа сөздердің жұмысына кедергі келтіріп отырғанын жеткізіп, реніш білдірді.

«Мен туралы ел не айтпай жатыр. Біреулердің әдейі жасалынып жатқан тірліктері болар, ол жағын білмедім. Тек бір айтарым, басты мәселе- бала өмірі болып отырғаннан соң, балақайдың тағдырын саясатқа араластырмаса деймін. Онсызда әкесіз өскен панасыз баланың тағдырын тәлкекке салмайықшы дегім келеді. Өтінемін…Балапанның басына түскен жайтты дұшпаныма да тілемеймін. Менің дәл қазіргі міндетім – сотқа дейін жеткіздіріп, баланы қорғау. Ешкімнен бір тиын сұрап жатқаным жоқ. Өз ақшаммен жүрмін»,-дейді Бауыржан Азанов  Бибігүл Дәулетбекке берген сұхбатында.

Айта кетейік, баланың тағдырына алаңдаған қоғам белсенділері осы іске қатысты қанқу әңгімелер таратқанды доғарайықшы, деп өтініш білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Елбасы Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қоғам қайраткері Зағипа Балиевадан кешірім сұрады (видео)

Жағдай қиын болды: Балиева 7 жасар баланы неліктен Астанаға алып кеткені туралы айтты

Талқылау