Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы баға саудалаған колледж мұғалімнің ісі күрделеніп кетті

Сынақ кезінде студенттерден ақша талап еткені үшін колледж мұғалімі Нұржамал Жанбосыноваға қатысты қылмыстық іс “қоғамдық жұмысқа байланысты айыппұл салу не үш айға қамауға алу” бабы бойынша қозғалып жатыр.

ssv

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Айта кетейік, Facebook желісінде 40 секундты видеоролик жарияланған болатын. Онда Түлкібас ауданындағы агробизнес және туризм колледжінің математика пәні мұғалімі Нұржамал Жанбосынова сынақтан өту үшін студенттерден 1500, 2000 теңге төлеу керек екенін айтқан. Ал, студенттер ақшаны шәкіртақы алған соң төлейтіндерін айтып, қарызға өткізуін сұраған. Бірақ, оған мұғалімдері көне қоймайды. Олардың онсыз да қарыз екендерін еске салады.

Дауға себепші болған мұғалім жұмысынан қуылды. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары да қызметінен босады. Колледж басшысы Мыңбай Сейдулла өз еркімен жұмысынан кету туралы өтініш жазған.

Бұған дейін баға сатқан мұғалімнің жұмыстан қуылғаны, аталған оқиғаға байланысты мұғалімнің сұхбат бергенін, кейінірек мұғалімге қатысты істің жалғасып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Ирина Галушко

Талқылау