Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-дағы атышулы ойынхана ақыры жабылды

Бұған дейін бәс тігіп, құмар ойынның қызығына түскендердің ордасына айналған ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы заңсыз ойынхана есігіне ақыры құлып салынды. Бұл туралы жергілікті тұрғындар хабарлап отыр.

P1120148Біраздан бері мазаларын қашырған күрмеулі мәселеге ақыры нүкте қойылғанын – тұрғындар “түнде аудандық полиция өкілдері келіп, заңды түрде ойынхана есігін тарс жауып, ондаған адамды бөлімшеге алып кеткенін айтып” растады.

P1120143“Бүгін түнде ауыл кәдімгіде абыр-сабыр күйге түсті. Ойынхананы тәртіп сақшылары сыртынан қоршап, бүкіл ауыл халқы дүрлікті. Ең бастысы, ойнап жатқан ойыншылар да, қызмет көрсетушілер де дереу ұсталды. Ойынхана жабылды. Сіздерге бүкіл ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамыз!”деп алғысын жаудырды Қарабұлақ ауылының тұрғыны Артық Халжалелов.P1120166Болған жайттің жай-жапсарын сұрамаққа Қарабұлақ ауылының әкіміне де хабарластық. Ауыл басшысы Әбдіғапур Абдукәдіровтың айтуынша, бүгін түнде аудандық полиция басқармасының арнайы өкілдері ойынхананы жауып, ондағы халықтан сұрау алған. Көпке ұзамай ойынхананың қожайыны да құрыққа ілініпті. Қазіргі таңда тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Кеше ғана Қарабұлақ ауылы тұрғындарының жанайқайын халықтың сұрауы бойынша  сатымызда жариялаған болатынбыз. Ашуға булыққан ауыл жұрты мәселе тіпті шешімін таппаса, президенттен көмек сұраймыз деп ашынған еді.

Талқылау