ОҚО-да зорлады деп жалған айып таққан бойжеткеннің өзі сотталды

Сарыағаш ауданының тұрғыны «Өзбекстан азаматтары зорлады» деген желеумен тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Сарағаш ауданы прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымовтың сөзінше, Абай ауылының тұрғыны әпкесінің айтуымен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматымен бірге ішімдік ішеді.

Бойжеткен кейін өзінің үстіндегі көйлегін жыртып тастап, Сарыағаш аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оқиға орнынан келген тәртіп сақшыларына ол «құрылысшылардың екеуі де ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, мені еркімнен тыс зорлады» деп  арызданған.

Ауданның полицейлері осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2- бөлігі «Зорлау» бойынша іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Дегенмен, мастығы тарқаған соң бойжеткен полиция қызметкерлеріне өзі жалған арыз жазғаны және жалған жауап бергенін айтып беріп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген.

Сөйтіп  көрінеу жалған сөз жеткізген азаматшаның үстінен  Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» және 420-баптың 2 бөлігімен «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма» бойынша қылмыстық іс қозғалып, толығымен дәлелін тапты.

Сарыағаш аудандық сотының үкімімен бойжеткен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңіліп қалған ақын Төреғалидың сынына жауап берді

Танымал италиялық әнші қазақ қыздары туралы: Қыздар қымбат көлік пен қалтаға қарайды

Жаңа көйлегін көрсетіп мақтанған Ерке Есмаханды желі қолданушылары сынап тастады (видео)

Төлеген Мұхамеджанов: Ажырасқан соң үйден бір портфельмен шықтым, түнейтін жерім болмады

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар