Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жоғалған жігіт құлдықтан құтқарылды

Бір ай бұрын жоғалып кеткен 22 жастағы Шымкент тұрғыны Ескендір Құршанов осы уақыт ішінде құлдықта болған. Оны полиция қызметкерлері Алматы маңындағы ауылдан тапты.

wert

Бұл туралы 365info.kz хабарлайды.

Ескендердің анасы Халима Құршанова ұлының табылуына журналистердің де көп көмегі тиген. Енді ата-анасы ұлдарын толыққанды медициналық тексеруден өткізбек.

“17-ші сәуірден бері өмір сүргендей болмадық. Алла мұндайды ешкімнің басына бермесін. Ұлымның тірі болғаны үшін қуаныштымын. Оны бір ай бойы құлдықта ұстап, жұмысқа салып қойған. Ол адам танымастай болып жүдеп кеткен. Ол тағы бірнеше алданған адамдарды өтірік жолмен алып кеткен. Ұлымды өте жұмсам тәрбиелегеніме өкінемін. Оны қатты ұрып-соққан ол жақта. Әсіресе, басынан көп жарақат алған. Біз ондай оңбаған адамдарға қарсы соғыса алмаймын”, – дейді Халима Құршанова.

Ескендір Құршанов Алматы облысындағы Самсы ауылынан табылған.

“Оны жұмыс береміз деп алдап әкеткен. Жолда әлгі адамдар телефон нөмірлерін ауыстырған. Онда ол айдалада жұмыс істеген. Тіпті жадын да жоғалтқан. Көп нәрсені есіне түсіре алмайды және көп сөйлеспейді. Іздеу және табу шараларының қалай жүзеге асқаны туралы толық ақпарат бере алмаймын. Қазір қылмыстық іс қозғалған. Жігіт өте тұйық. Егер ата-анасы шағым түсірмейтін болса, онда іс жабылады. Барлық дерек тергеу кезінде белгілі болмақ”, – дейді Абай аудандық ішкі істер басқармасы қызметкері Нұржау Әбдіманапов.

Талқылау