Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жоғалған бүлдіршін мен әпкесін 400-ге жуық адам іздеуде (фото)

ОҚО полициясы 1-сынып оқушысы мен оның әпкесін 17-ші  сәуірден бері іздеп жатыр.Түлкібас ауданында бірінші сыныптың оқушысы Инабат Іңкәрбек  әпкесімен бірге кешкісін «Дәубаба» тау шатқалына  қыдырып қайтуға кеткеннен оралмаған. Сол уақыттан бері үйден шығып кеткен екі адамды ешкім көрмеген.

іздеу1

Туыстарының сөзінше Инабаттың әпкесі сол күні қаладан келген. Әшіргүл Баймұратова сіңлісін таудан саңырауқұлақ теруге ертіп кеткен. Жоғалғандардың туыстары сол күні түнгісін полицияға хабарласқандарын айтады. Алайда, сол уақыттан бергі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермей жатқан көрінеді.

әпкесі

Инабат- отбасындағы алты баланың кенжесі. Оны ертіп әкеткен әпкесі ешқашан тұрмыста болмаған, әрі баласы жоқ екен. Полицияның тағы бір күдігі кішкентай қыздың әпкесіне түсіп отыр. Алайда туыстары  Баймұратова жеке заттарымен қоса құжаттарын түгелдей үйде қалдырғанын айтады.

«Кешеден бері біз тікұшақ сұрап жатырмыз. Бұл жердің бәрі тау ғой. Жаяу іздеу нәтиже бермейді. Әлі нақты жауап ала алмай отырмыз. Мүмкін оларды жылан шағып алған шығар. Жаман ойлауға тағы қорқамыз»,- дейді Инабаттың әкесі Нұрлыбек Ештаев.

Хабарсыз кеткендерді іздеу үшін  квадракоптер берілген. Одан бөлек 400-ге жуық адам жаяу, көлікпен, итпен іздеп жүр.

Шымкенттегі барлық бекеттерге із-түзсіз кеткендердің суреті мен оларды суреттеген ақпарат ілінген.  Әшіргүл Баймұратова  1960 жылы туылған. Шымкент тұрғыны. Арықтау, шашы қара, қысқа кесілген. Киімі: Қара жеңсіз тоқыма жемпір, жасыл түсті кофта, қара сым мен ақ кроссовки киген.

Іңкәрбек Инабат  Нұрқанатқызы 2009 жылы туылған. Түлкібас ауданы, Дәубаба ауылының тұрғыны. Бойы 120см, арықтау, шашы ұзын. Киімі: қызыл түсті жемпір, қара шалбар, аяғына ақ кеды киген.

 

 

Талқылау