Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жоғалған әпкесі мен бүлдіршіннің денесі табылды

Құтқарушылар Түлкібас ауданында  әпкесімен бірге жоғалып кеткен 7 жастағы қыздың денесін тапты. Аудан әкімдігі қызметкерлерінің сөзінше  жоғалғандардың денесі ауылдан  небәрі он шақырым жерден табылған.

табылды

Бұл туралы otyrar.kz сайты жазған.

Жоғалған азаматтардың денесі табылған жер қазір қоршауға алынған. Полиция қызметкерлері ол аумаққа ешкімді жібермей жатыр екен.

Болжам бойынша жеті жасар қыз бен оның әпкесі  таудың арасындағы жартастан құлаған болуы мүмкін. Қазір сот криминалдық сараптама белгіленген. Тек соның нәтижесіне қарай қылмыстық іс қозғалатын болады.

Бұғандейін Дәубаба тауына серуендеуге кеткен екі адамды 400-ге жуық азаматтың іздеп жатқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

 

Талқылау