Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да туыстары 41 жастағы азаматтың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Тағы бір науқас өліміне дәрігерлер кінәлі. Қазығұрт аудандық ауруханасында көз жұмған 41 жастағы Жеңісбек Альмахановтың туыстары осылай, деп отыр. Айтуларынша, қызуы көтерілген тұрғын жедел жәрдем арқылы ақ халаттылар көмегіне жүгінген.

Алайда, медициналық мекемедегі мамандар оған ем-дом жасамай, үйіне жіберген. Екінші рет жедел жәрдем көмегіне жүгінген тұрғын ауруханаға жатқызылғанымен таңға дейін науқасқа алғашқы көмек көрсетілмепті, деп хабарлайды tvk арнасы.

Жеңісбек Альмахановтың туыстары дәрігерлер салғырттығынан бауырым комаға түсіп қалды,- деп арнамыздан көмек сұрап келген болатын. Олардың айтуларынша, дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін 41 жастағы азамат 22 қазан күні қызуы көтеріліп, жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Дегенмен, ақ халаттылар науқасты Қазығұрт аудандық ауруханасы қабылдамай, үйіне қайтарып жіберіпті. Сырқаты асқынған тұрғын екінші рет жедел жәрдем стансасына хабарласқанда, оны ауруханаға жатқызған. Алайда, науқастың әйелі таңға дейін күйеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетілмеді,- деп отыр. Салдарынан науқас комаға түскен.

“Жедел жәрдеммен ол жерге апарды. 10 жыл бұрын күйеуім тубдиспансердан шыққан. Сол қағазды әкел деді. Ол қалай әкеледі. Мүлде ешкім қарамаған. Палатаға жатқызып қойған. Түнімен ештеңе салмаған”, – дейді Насихат Қансейітова.

“Қазығұрт ауданындағы ауруханаға Жеңісбек есімді науқас түседі. Дегенмен, оған алғашқы медициналық көмекте көрсетілмеді дейді туыстары.

Түсірілім тобы барғанда бас дәрігер төбе көрсетпеді. Айтуларынша, ол Шымкенттегі жиналыста екен.

Жеңісбектің қарындасы ағасының арнайы аппаратта жүрегі соғып тұрғанын көрдік деп отыр. Сондықтан науқастың туыстары бауырының тірі екенінен үмітін үзе қоймады. Дәрігерлер де жан сақтау бөлімінде не болып жатқанын нақты айтпаған.

Ал, жансақтау бөлімінде жатқан өзге науқастардың туыстары Жеңісбекке туберкулез диагнозы қойылды дегенді естіп, шу шығарды. Бірақ дәрігерлер бұл дерттің ашылғанын алғашында айтқанымен кейін ол мәліметті жоққа шығарған.

«Санавиация барады әрқайсысы түрлі диагноз айтады. Бірі айтады, таксикалық пневмания соның екпесін салады, кейінгісі туберкулез дейді соның дәрісін салады. Сосын туберкулез жоқ деді, кеше екпені салдыңдар ғой десек, ештеңе етпейді ол дейді. Әрқайсысы әр түрлі екпе салса, қолдан өлтіреді ғой олар», дейді Жеңісбек Альмахановтың жеңгесі Зерхан Исакова.

Алайда түсірілім тобы ауруханадан кеткен бойда аудандық дәрігерлер Жеңісбектің туыстарына қаралы хабарды жеткізді. Бүгінде отбасының жалғыз асыраушының артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалып отыр. Дер кезінде ем жасағанда, жанын аман алып қалар ма,- еді деп налиды олар. Енді істің ақ-қарасын анықтау үшін сотқа арыздануға бекініп отыр.

Жеңісбек Альмахановтың туған ағасы мен жеңгесі облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарына аудандық ақхалаттылар өз міндетін орындамағаны үшін жазбаша шағымданған. Сондай-ақ телеарна атынан басқармаға қызметтік хат жолданған. Заң бойынша 3 жұмыс күні өткенімен басшылардан ешқандай жауап келмеді.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігерлер қателесіп алматылық әйелдің ішегінің жартысын кесіп алып тастаған

12 жыл бірге болдық: Илья Ильин әйелімен ажырасқаны жайлы айтып берді

Өзінің гомосексуалист екенін мойындаған қазақстандық әртістерге сыйлық берілетін болды

Талқылау