Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО тұрғыны көңілдесінің порнографиялық бейнежазбасын әлеуметтік желіге салып жіберген

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам көңілдесінің жалаңаш жазбасын желіге салып, ақша бопсаламақшы болған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

4vycghiw2w8au882zynlioxxxl4j3hpexhjnof_p3ymrypkwj94qgrtdb3sbc6ky

Сарыағаш ауданының тұрғыны 34 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан қызбен қонақүйде кездеседі. Екеуінің арасында болған жыныстық қатынасты ол байқатпай телефонға түсіріп алады.

Содан кейін көңілдесіне хабарласып, видеоны желіге салатынын, салмау үшін 800 000 теңге беру керек екенін айтып қорқытады. Ақырында ел-жұрттың алдында ұятқа қалудан қорыққан әйел, оған бөліп-бөліп 700 мың теңге береді.

Бірақ, жігіттің қулығы мұнымен де тоқтамапты. Ол ВКонтакте желісінен әйелдің атынан парақша ашып, видео және фото материалдарды сол жаққа жүктейді.

Аудандық прокурор Әли Нұрлыбаевтың айтуынша, әлеуметтік желідегі сурет пен бейнежазбаны өшіріп тастау үшін әйелден тағы да 500 мың теңге талап еткен. Осыдан соң әйел амалсыз полицияға шағымданады. Ұсталған ер адам төрт баланың әкесі екен.

Ал оған қатысты істі қараған аудандық сот жігітті қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпты деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруде бақылау күшейтілді

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Талқылау