Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да тойларына тікұшақ жалдаған жастар жазаланатын болды

Оңтүстік Қазақстан облысы полицейлері той кортежіне тікұшақ қатыстырғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартатын болды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

той

Осыдан бірнеше күн бұрым Шымкенттегі той кортеждерінің біріне тікұшақтың да қатыстырылған видеосы жарық көрген еді. Бейнежазбаны зерттеген құқық қорғаушылар той кортежі қатысушыларының жол қозғалыс ережесін бұзғанын анықтаған.

Полицейлер жол ережесін бұзушыларды ҚР әкімшілік кодексінің 614 бабы бойынша жауапқа тартатын болды. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар тасжолда тікұшақтың ұшу заңдылығын және оның ұшу биіктігі талаптарының сақталуын арнаулы өкілетті органдар тағы да тексеріп анықтайтын болады.

20476392_1860010054015982_7237768537447097735_n-1

Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежімен бірге тікұшақтың ұшқанын хабарлаған едік. Полицейлер жас жұбайларға іздеу салды. Той серуенінде тікұшақпен жүріп елді дүрліктірген жас жұбайлардың кім екендерін де кейінірек жария еткен едік.

Оқи отырыңыз:

Семейде екі ай бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы қыз Астанадан табылды

Дін істері министрі: Шетелде алған діни білім елімізде қызмет етуге жарамайды

Америкалық мұсылмандар бір апта ішінде джинсы хиджабтарды талап алып кетті

Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді

Талқылау