Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да той кортежін басқарғандар жол ережесін бұзып, өзге жолаушыларға қару кезенген (видео)

ОҚО-да той серуеніне шыққан жастар  қымбат көлікпен  бағытқа қарсы жүрген. Өздеріне ескерту айтып, мінез көрсеткен өзге жолаушыларға тойшыл жастар қару оқтап, қорқытқан.

той

Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Жолдағы бассыздықты Ленгр қаласының тұрғыны түсіріп алған. Ол өз видеосында оқиғаның 4 қыркүйек күні болғанын айтады.  Ал ереже бұзған көліктер «Париж» тойханасынан шығыптыү

«Той кортежі қарсы бағытқа шығып, өзге жүргізушілерге кедергі жасады. Үлкен жылдамдықтағы көлікті көрген басқалар жол жиегіне шығып, тоқтауға мәжбүр болды»,-дейді оқиға куәгері.

Тойшыл жастардың соңынан жүрген  қала тұрғыны  олардың мұздай қаруланғанын да айтады.

«Олардың алдына түсіп кетпекші болғандарға көліктің төбесінен басын шығарған жігіт қару кезенді. Ол автоматты тура көлік иесіне бағыттады»,-дейді оқиға куәгері.

 

 

 

Талқылау