ОҚО-да 4-сынып оқушысы YouTube бейне-сабақтарының арқасында қызды құтқарып қалған

Сейсенбі, 5 Сәуір , 2016 11:54

Суға кетіп қала жаздаған кішкентай қызды құтқарғаны үшін 10 жастағы Мұхамедәли Құрақты бүгін мектеп басшылығы марапаттады. Қосағаш орта мектебі арнайы жиын жасап, жас құтқарушыға алғыс хат табыс етті.

дло

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Мектеп директоры Қасымсейіт Дуанақұлдың айтуынша, Мұхамедәли осы оқиғадан соң мектеп оқушылары арасында батырға айналып шыға келген. Директор оқушының өте жақсы оқитынын және қоғамдық шараларға да үнемі белсене атсалысатынын айтты.

1 сәуір күні Қосағаш ауылдық округында 10 жасар Мұхамедәли Құрақ суға ағып бара жатқан үш жастағы қызды құтқарып қалған болатын. Баланың бұл ерлігі туралы әлеуметтік желі арқылы белгілі болған. Мұхамедәлидің әкесінің айтуы бойынша, көрші үйдің қызы Ақбілек Серікбай достарымен ойнап жүріп, суға құлап кеткен.

“Қаржан өзені кішкентай, бірақ сел жүрген кезде су ағыны артып кетеді. Әрине, мұндай кезде кішкентай бала ағысқа төтеп бере алмайды. Біз ұлымыз екеуміз мал айдап келе жатқанда, айқай-шу естіліп қыздың суға ағып бара жатқанын байқадық. Ұлым бірден өзенге қойып кетті. Судан жағаға алып шыққанда, қыз тіпті демала алмай жатты. Ол YouTube арқылы көргені бойынша, қызға алғашқы көмек көрсетті. Мен ұлыммен мақтанамын”, – дейді Ағымен Сманов.

ыыф

3 жасар Ақбілекті жергілікті дәрігерлер қарап, оған дәрумендер жазып беріп үйіне қайтарған. Қыздың анасы да болған оқиға жайлы ойын айтты.

“Мен ол күні үйде болмадым. Өйткені, өзім 10 күн бұрын ғана босанып, төртінші қызымды дүниеге әкеліп жатқанмын. Ақбілек – үйдің екіншісі. Балалар Ақбілек құлап кетті дегенде әрине өте қатты қорықтық. Енді қазір бәрі жақсы, біздің Мұхамедәлиге айтар алғысымыз зор, оны міндетті түрде қонаққа шақырамыз. Ол өте жақсы бала”, – дейді Ақбілектің анасы Маржан Ақтекеева.

Қосағаш ауылы таулы аумақта орналасқан. Бірнеше күн қатарынан ауылда жаңбыр жауған. Жергілікті Төтенше жағдайлар басқармасы да тұрғындарға сел қаупі туралы ескерткен. Бұған дейін 4-ші сынып оқушысының 3 жасарқызды ажалдан құтқарып, алғашқы көмек көрсеткені жайлы қысқаша жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар