Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да төлем терминалының ақшасын жымқырғандар ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш аудандық полиция қызметкерлері ұрлыққ қатысы бар күдіктілерді ұстады. Осы жылдың наурыз айының ортасында аудандық полиция басқармасына 53 жастағы қала тұрғыны шағым түсірген. Ол белгісіз біреулердің дүкенге келіп төлем терминалындағы қаражатты ұрлап кеткенін айтқан.

123

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Жедел-іздеу шараларын жүзеге асырған Сарыағаш аудандық полиция қызметінің инспекторлары Абай ауылындағы көшеден күдікті ВАЗ 21114 маркалы көлікті тоқтатқан. Көлік салонын тінту кезінде полицейлер травматикалық тапанша, шеге суырғыш, бетперде мен қолғаптар тапқан. Бұл әрекетке түсініктеме алу үшін тәртіп сақшылары оларды полиция бөлімшесіне алып келген.

ымвф

Тергеу барысында Жамбыл облысыың тұрғындары болып табылатын 1988, 1987 жылы туған екі жігіттің екеуі де бұрын сотты болғаны анықталған. Күдіктілер түнде дүкен есігін қала ашқандарын, терминалды бұзып, ақша толы жәшікті ұрлап кеткендерін мойындаған. Жәшікте қанша ақша барын білмедік дейді қолға түскендер.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 188 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау