Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да танысының орнына тест тапсырмақшы болған жігіт ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жас жігіт өзінің танысының орынына Ұлттық бірыңғай тест тапсырып шықпақшы болған. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

тимс

Сурет otyrar.kz

“8 маусым күні ҰБТ тапсыратын №790 орталықта (Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы) түлектердің тест тапсыруы кезінде министрлік өкілдері танысының орынына тест тапсырмақшы болған жалған тұлғаны ұстады”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша арнайы акт толтырылып, ұсталған адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тапсырылған.

“Сарыағаш аудандық полиция басқармасының мәліметінше тест тапсыруға кірген жалған тұлға 1996 жылы туған, бұрын Алматыда тұрған, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны”, – деп хабарлады министрлік.

Былтырғы жылы да “Алтын белгі” иегері, ҚБТУ студенті Аян Жәрдемов есімді жігіт әйелдерше киініп, арнайы шаш тағынып тест тапсырмақшы болып, ұсталып қалған еді. Бұл әрекеті үшін оған 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Талқылау