Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да танысын ұрып өлтірген 20 жастағы жігіт 11 жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында танысын өлтіріп, қылмысын жасырмақшы болған 20 жастағы жігіт 11 жылға сотталды. Бұл туралы ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

2017 жылдың тамыз айында Арыс АІІБ-нің кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен өлтірілген адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келген. Аталған мекен-жайға барған полиция қызметкерлері үйден ер адамның мәйітін тауып алған. Марқұм болған азамат жергілікті тұрғындардың бірі екен.

Бұл істі қолға алған жедел-тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтады. Белгілі болғандай, 20 жастағы жігіт танысымен ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ішімдікке мас болған жігіт ашуға беріліп марқұмның  басынан темірмен бірнеше рет ұрып, өлтіріп қойған. Ол қылмысын жасыру мақсатында айғақ заттардың көзін жойып, мәйітті жасырмақ болған.

Жауыздықмен адам өлтірген жігіттің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Арыс ҚІІБ Криминальдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кісі өлтірді деген күдікті азамат  көп ұзамай қолға түсті. Оның Арыс қаласының 1998 жылғы тұрғыны Петр Ананьев екені анықталды. Сот шешімі бойынша кісі өлтірген 20 жастағы Петр Ананьев  11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Алматы- Екатеринбург тас жолында автобус өртеніп, 51 адам құтқарылды

Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген азамат туған інісі мен келінін қағып өлтірді

Жаназа шығарғылары кеп тұратын “табытқағарлар” ма дерсің: Сәуле Әбединова мешіт имамдарына сын айтты

Мұхтар Шаханов: Біз тіл үшін күресіп жүргенде Мұқағалидің арақ ішуден қолы босамады

Талқылау