Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да табылған Мұхаммед Қамшыбек қазір ауруханада жатыр

6 жасар баланы үш күн бойы барлық Қазақстан халқы шама-шарқы жеткенше іздеуге атсалысқан еді. Бала 23 ақпан күні  түсте Арыс қаласынан табылған. Мұхаммедтің әкесі  Қалдыбек  Ағабеков  баласының осы уақыт аралығында қандай жағдайда, қайда жүргені жайлы STAN.KZ сайты журналистеріне айтып берген еді.

a82abe025e12d6f68fc7bfe59bd55679

«Балам мектептен шығып қасындағы  апасымен таксиге отырып бір үйге барғанын айтты. Онда өзін ерткен әйелдің шалы да болыпты. Ол «апа мен ата жерде жатты. Мен сол бөлмедегі кереуетте ұйықтадым.  Күндіз ауладағы балалармен ойнадым» деді. Балам  олардың тұратын үйлері суық болғанын да айтты. Сөйтіп жүрген кезде бір кісі «Өй, мынау іздеудегі бала емес пе?» деп Мұхаммедке жақындап, анықтап қарапты»,-дейді баланың әкесі.

Мұхаммедтің ойнап жүрген сәтін сырттай белгісіз адамдар түсіріп алып, полицияға жолдаған екен. Міне осыдан кейін барып бала табылған.

Мұхаммедтің әкесі баласын ешқандай ұрып-соғу, қинау әрекеттерінің болмағанын айтады.

«Денесінде ешқандай азаптаудың белгісі жоқ. Балам өзі де шошып қалған болар, табылды дегеннен бәріміз ортаға алып жан-жақтан сұрақтың астына алдық. Біраз сөйлеп,содан ештеңені ашып айтпай қалды»,-дейді   Мұхаммедтің әкесі Қалдыбек  Қамшыбекұлы.

20160222211438

Баланы іздеу кезінде оны ертіп әкеткен әйелдің фотороботы жасалған еді.

Қазір осы іс бойынша ұсталған 1956 жылғы әйелді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал әкесінің айтуынша  бала анасымен бірге ауруханада екен.   Белгісіз әйелмен жүрген кезінде денсаулығына қандай да бір зиян келтіретін дәрі-дәрмек ішкізілгені немесе кейіннен  шығатын салдары бар тамақ берілгені  тексеріліп жатыр екен.

әйеллл

Әкесі  қалдыбек  Ағабеков Мұхаммедті үйдің үлкені болғандықтан айтарлықтай еркелетпейтіндерін, сабағына өзі қатынап, керегін түгендеп жүретін пысық бала екенін айтады.  Ал бөгде кісімен еріп кеткенін үлкен адамдармен тез тіл табысып, ересектерше әңгімелесіп кетеді дейді. Баланы сабағынан кейін ертіп кеткен әйел сол маңдағыларға өзін баланың туысымын деп түсіндірген екен. Сондай-ақ, Қалдыбек Қамшыбекұлы баласының  әйелдің берген тәттілерінен бас тартқанын, бірақ өтінішін жерге тастамай сұрауы бойынша онымен еріп барғанын айтады.

Мұхаммед табылған кездегі анасының полицияқызметкерлері мен БАҚ өкілдеріне барлық көмектескен азаматтарға алғыс айтып жатқан сәті. Баланың табылғаны жайлы ОҚО ІІД мәліметіне сүйене отырып хабарлаған болатынбыз.

Талқылау