Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да суға кеткен бүлдіршінді құтқарған ер адамның өзі батып кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам «Келес» арнасына құлап кеткен немересіне көмектеспек болып, суға ұмтылған. Ол бүлдіршін қызды құтқарып қалған. Алайда, өзі суға батып кеткен.

рр

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

«Қазіргі уақытта сүңгуірлер ауыр жағдайға қарамастан іздестіру жұмыстарын жатыр. Ер адам батып кеткен жердің су ағысы секундына екі метрді құрайды. Тереңдігі – 1 метрден 8 метрге дейін. Су температурасы +2 градус. Күндіз +4 градусқа дейін көтеріледі», – дейді ОҚО ТЖД-нің ресми өкілі Павел Вишенин.

Куәгерлердің айтуынша, алдымыздағы демалыс күндері бүлдіршін жағалауда есекпен жүрген екен. Ол бір уақытта есек үстіндегі тепе-теңдікті ұстай алмай суға құлап кеткен. Оны көрген атасы дереу көмекке ұмтылады. Ол немересін құтқарып қалған. Алайда, өзі суға батып кеткен.

Қазір ер адамның денесін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау