Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да спорт кешені ауласындағы ағаштардың беті президенттің суреті бар плакаттармен жабылған

Шымкенттегі спорт кешендердің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген плакат ағаштың үстін жауып қою үшін қолданылып отыр. Мұны көрген шымкенттік тұрғын спорт ұжымының бұл әрекетіне ашуланып, әлеуметтік желілердің бірінде ондағы көріністің бірнеше фотоларын жариялаған.

e9c1f51a97744aa713c8967fc1a2c65b_L

Суреттер Д.Ақсақаловтың фейсбуктағы парақшасынан алынды

Бұл туралы korrespondent.kz сайты хабарлайды.

«…Футбол қақпасының жанына ағаштар үйіп, үстін Нұрекеңмен аттас Нұрекең тұрған мына плакатпен жауыпты. Аттастар екеніне күмәнім бар. Сіздердің ше?» деп жазған желіні қолданушы. Алайда, шымкенттік азаматтың жария еткен фотосынан плакатта Мемлекет басшысының суреті бейнеленгенін анық байқауға болады.

Ол аз дегендей, спорт кешені ғимаратының маңдайшасында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел – құл болмайды» деген қанатты сөзі бұрмаланып, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ер болмайды» деп жазылған.

Белгілі болғандай, “Буревестник” деп аталатын ол спорт кешені М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне тиесілі екен. Бұл мәселемен аталған оқу ордасының баспасөз қызметіне хабарласып көріп едік, байланысу мүмкін болмады.

a02

Желі қолданушыларының кейбірі пост авторына орын алған жағдайды жауаптыларға жеткізіп, қайта орнына келтіріп қойсаң, сауап алар едің деп кеңесін берген. Алайда шымкенттік тұрғын «Кімге ескертесің, кім тыңдайды? Мен жаза қолдансын деп отырғаным жоқ, сөзі өтімді біреу ескертер, яки, сонда жұмыс істейтін біреу көрер деген ой» деп фотоны жариялаудағы мақсатын жасырып қалмаған.

Талқылау