Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да шенеунік жол жасауға бөлінген 68 миллион теңгені жеп қойған

Оңтүстік Қазақстан облысында жол жасауға деп бөлінген 68 миллион теңгені жымқырған шенеунікке қатысты іс аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Fotolia_110461071_Subscription_XXL_800x534

Фото: genstroycity.com

Облыстық автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары Жақсыбек Сейдубәлиев және “Strike and Co ЖШС жетекшісі Садырбаевқа 68 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып, іс қозғалған еді. Аталмыш ірі көлемдегі қаражат “Батыс Европа-Батыс Қытай” автомагистралы құрылысына жұмсалуы тиіс болған.

Жасалған анализ бойынша автомобиль жолына қатысты болып отырған қаржы жымқыру әрекеті қызметтік міндетін асыра пайдалану, пара алу арқылы жүзеге асқан.

Сондай-ақ, Ақмол, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында осыған ұқсас қылмыстардың жолы кесілген.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға америкалық демократияны енгізуді негізсіз деп тапты

Имашев Назарбаевтың есімін Петропавл не Павлодар қаласына беруді ұсынды

Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынды

Қанат Бозымбаев сүйінші сұрады

 

 

Талқылау