ОҚО-да саманнан салынған үйді кепілдікке қойып «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» несие алуға болады

Дүйсенбі, 8 Тамыз , 2016 11:18

Бұл жайында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловтың Шымкентте салымшылармен өткізген бейресми кездесуінде мәлім болды.

салымшы

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіндегі жер үйлердің 70 пайызы саманнан және ағаштан салынған. Осыны ескере отырып, банк басшылығы ол үйлерді кепілге алып, несие беруді жөн деп тапқан.

«Өңірлерде қызыл сызық деген бар. Мәселен, шалғайда жалғыз орналасқан үйдің құжаты заңды болса да алмаймыз. Бізде өзі белгіленген аймақтар бар. Оған Шымкент қаласынан өзге халқы тығыз орналасқан аудандар да кіреді»,- деді Айбатыр Нышанбайұлы.

Мәселен, Мақтаарал, Сарыағаш, Түркістан секілді қала, аудандардың тұрғындары саманнан салынған үйлеріне несие ала алады. Себебі, бүгінде  Мақтааралда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» филиалы ашылған. Ал, Сарыағаш пен Түркістанда қыркүйек айынан бастап халыққа қызмет ете бастайды деп жоспарланып отыр екен.

«Біздің ондағы мақсатымыз тек Шымкент қаласын емес, аудандарды да дамыту. Өйткені, өңірімізде 3 жарым миллион халық болса, оның жартысынан астамы ауылда тұрады. Бүгінде облыс әкімінің қолдауымен Түркістан қаласында коммуникациясы бар, жол, суы, газы кірген 170-ке тарта жер берілген. Көп қабатты үй салуға. Соған кіру мақсатымыз бар. Ондай жобалар Сарыағаш пен Жетісай қаласында да бар. Қазір пилоттық жоба ретінде осы үш аймақты алып отырмыз. Барлығы сәтті шықса, өзге аудандарды да қамтитын боламыз. Ол үшін Бейбіт Бәкірұлының толық қолдауын алдық»,- дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚОФ директоры Қасымбек Маликов.

Сонымен қатар, кездесу барысында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы, салымшыларды «банктің тұрғын үй байқауында “баспана әперемін» деп ақша бопсалаушы алаяқтарға сенбеуге шақырды.

кездесу

«Өйткені, байқаудың өзін компютер өткізеді. Оған ешбір адам  араласа алмайды. Банк менеджерлері болсын, мен болайын. Компьютердің базасында сіздердің депозиттеріңіз жайлы мәліметтер бар. Сервер соны арнайы бағдарлама арқылы есептеп шығарып, кімнің балы жоғары екенін өзі шығарады. Яғни, байқаудың жеңімпазын анықтайтын компютер! Көптеген адамдар «банктен өткізіп беремін» деген алаяқтарға сеніп, алданып қалған. Сондықтан да менің сіздерге айтарым, ешкімге сенбеңіздер»,- деді ол.

Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» ашқан есеп-шотыңызды бұрынғыдай бөтен біреудің атына ауыстырып беруге тыйым салынған. Тек, жақын туыстарыңыздың атына аударуға болады.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы кездесу барысында салымшылардың көптеген сұрақтарына жауап беріп, арыз-шағымдарын 300 номері арқылы банктің ыстық желісіне жеткізуге болатынын айтты.

салымшы1

Өз кезегінде, салымшылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өңірдегі филиалындағы менеджерлердің жұмысы жоғары дәрежеде екенін айтып, сапалы қызметі үшін алғыстарын жаудырды.

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 37 777 салымшысы бар. Олардың жинақтары – 19,2 млрд теңге. Өңірдегі банктің кредиттік портфелі 12,5 млрд теңгеге тең.+

 Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің филиалы 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде банк желісі бойынша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 227 пәтерге арналған 126 тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар