Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да Рамазан айының құрметіне тегін таксилер жұмыс бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне тегін таксилер ұйымдастырылды.

18670972_1643597922336333_7271009737519659833_n

Жүргізушілер жолаушыларды түскі ас уақытына дейін керекті жерлеріне апарады.

18740741_1643598145669644_6603197599201248530_n

18622256_1643598052336320_5140776567010812456_n

Бүгін Отырарда Рамазан айының басталуына орай түске дейін ТЕГІН ТАКСИ қызмет етеді. “Осы сауапты іске атсалысқан барша жандарға Алла разылығы жаусын деп, акцияға қосылам деушілер болса орталық “Арыстанбаб” мешітіне келсе болатындығын хабарлаймыз”-дейді ұйымдастырушылар!”, – деп жазады жергілікті тұрғын Еркеғали Таңатаров.

Бұған дейін дәл  осындай игі амалды шығысқазақстандықтар да қолға алғандарын хабарлаған еді.

Осы ретте Рамазан айында мұсылмандар жиі ұрынатын қателіктерді оқып, Рамазанда уақытты тиімді пайдаланудың әдістерін зерделеп, сондай-ақ, биылғы жылғы ораза кестесімен де танысып шыға аласыздар дегіміз келеді.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі 24-кездесуінде жеңіске жетті

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Талқылау