Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да полиция басшысы қоластындағы қызметшісіне несие алдырып, оны төлеуден бас тартқан

Ол АІІБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы қызметкеріне несиеге ақша алып беруін сұраған. Кейіннен несиені төлеуден бас тартқан.

9691031

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған іс бойынша полицей қызметкерінің анасы Арыс АІІБ-не шағымданған. Мәлімет бойынша әлеуметтік желілерде Арыс АІІБ басшысының орынбасары мен қызметшісі арасындағы ауызша әңгімелескен видеоролик жарияланып кеткен.

Айта кетерлігі, полиция басшысы несиені төлеудің орнына, қызметкерін жұмыстан шығарып жіберетінін айтып қорқытқан.

ОҚО ІІД ӨҚБ тергеу жұмыстарын жүргізу барысында келтірілген дәлелдерге көзі жетті. Басқарма басшысының орынбасары, полиция полковнигі өз кінәсін мойындады. Келтірілген ақпарат ОҚО ІІД дисциплинарлық комиссия қарауына жіберілді. Арыс АІІБ басшысының орынбасары демалыстан шыққан соң, нақты шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ, әкімшілік полиция бөлімінің басшысына қатысты ҚР ҚК 362 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қазір сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Талқылау