Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да полицейлер қызметтік көлікте әйелді босандырып алды

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер жол бойында 24 жасар келіншекті өздерінің қызметтік көліктерінде босандырған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз бөлімі.

капитан-полиции-Нурлыбай-Тасыбаев-(2)

Нұрлыбай Тасыбаев

полицейский-стажер-Жасулан-Пиримжанов-(2)

Жасұлан Пірімжанов

Түнгі 4 тер шамасында тәртіп сақшылары Қоғам ауылы маңында кезекті рейд жүргізіп жүреді. Отырау аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрлыбай Тасыбаев және полиция Жасұлан Пірімжанов жол бойында “Мерседес” маркалы автокөліктің тоқтап тұрғанын көреді.

Жақындап барып, көлік салонында екіқабат әйелдің бар екенін байқайды. Күйеуі перзентханаға тез жетпекші болғанымен, орта жолда көліктері сынып қалыпты.

“Полицейлер еш абыржымай, аудандық ауруханаға жеткізу үшін әйелді өздерінің қызметтік көліктеріне отырғызады. Алайда жол үстінде әйелдің толғағы қатты келіп, полиция капитаны Нұрлыбай Тасыбаев әйелді өзі босандырып алады. Сосын дүниеге келген сәбиді өз күртешесімен орап, содан соң жас отбасыны ауруханаға жеткізеді”, – делінген хабарламада.

Дәрігерлер, полицейлерге ана мен оның сәбиінің жағдайы жақсы екенін жеткізген. Ал кішкентай нәрестеге Раяна деген есім беріліпті.

Бақытты ата-ана Отырар аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Нұрлыбай Тасыбаев пен Жасұлан Пірімжановқа үлкен алғыстарын білдірген.


Өткізбеңіз:

10056635Шымкентте әйел адам ішінде 7 мың доллары бар сөмкесін кафеге ұмытып кеткен

 

Талқылау