Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да полицей-педофилге қатысты сот үкімі шықты

ОҚО-дағы ауданаралық  қылмыстық істер бойынша сотта балаларға  азғындық жасаған полицей- педофилге қатысты үкім оқылды. Сотталушы орындығында 22 жастағы азамат отырды. Ол осы күдік бойынша ұсталғанға дейін Ішкі істер қызметінде жұмыс істеген.

педофил

Күдікті арам пиғылын Ленгр қаласында жүзеге асырған. Өткен жылдың қаңтарында  10 және 12 жасар екі қыздың анасы жігіттің үстінен шағым түсірген. Қыздардың айтуынша жігіт олардың алдына барып шалбарын шешіп, жыныс мүшесін көрсеткен,-деп жазды  TVK арнасы.

педофил2

Сот үкімі бойынша бұрынғы тәртіп сақшысы ҚР ҚК 124 бабы яғни жасөспірімдерге  азғындық көрсеткені үшін кінәлі деп танылды. Поицей –педофил  қыздарға тиісіп, күш қолданбаған. Ол өмір бойына  балалар бар жерде жұмыс істеуден аластатылды. Сондай-ақ, 11 жыл  қатаң режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтейтін болады»,- деген үкім оқыды сот төрағасы  Самидин Темірәлиев.

Сот үкімі бойынша сотталушы әр қыздың ата- анасына өтемақы есебінде 200 мың теңгеден беретін болды.  Айтакетерлігі, күдікті орындығында отырған  Нұрлыбек есімді жігіт ұсталғанға дейін Ішкі істер қызметінде жұмыс істеп келген.

 

 

Талқылау