Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да пара алу кезінде ұсталған бұрынғы судья төрт жарым жылға сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алу кезінде ұсталған Мақтаарал аудандық сотының бұрынғы судьясына үкім шықты. Әл-Фараби аудандық соты 500 мың теңге парамен ұсталған бұрынғы судьяны 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

ОҚО-да пара алу кезінде ұсталған бұрынғы судья төрт жарым жылға сотталды

Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Еркебұлан Төлешов бұрын үй қамауда болған сотталушы сот залында қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Ниязбеков Абай Жиенбекұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі (Пара алу) бойынша кінәлі деп танылсын. Осы бап бойынша мемлекеттік қызметте, судья қызметінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компанияларда, мемлекеттік үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, ұлттық басқарушы холдингтер мен еншілес ұйымдарында лауазымды қызметтер атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленсін», -деді судья Еркебұлан Төлешов.

Бұрынғы судья өзіне қатысты шыққан үкім бойымша, жазаны бүгін, 13 маусымнан бастап өтейді. Ниязбековтың үйқамақта болған әр күні екі күн болып есептеліп, ол жаза мерзімінен шегерілді. Солай, экс-судья түрмеде 4,6 жыл отыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Мақтаарал аудандық сотының бұрынғы судьясы биылғы жылдың 30 қаңтарында 500 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Сот барысында 33 жастағы судьяның параны мектеп директорынан хатшысы арқылы алғаны белгілі болды. Яғни ол сотқа талап-арыз түсірген мектеп басшысына көмектесуге уәде еткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау