Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да өзінің 4 жасар ұлын буындырып өлтірмек болған әйелге сот үкімі шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің 4 жасар ұлын буындырып өлтірмек болған 24 жастағы әйелге үкім шықты.

vlcsnap-00048-696x392

Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Сотты болған Тұрсынова баласы ауыр науқас болғандықтан, оны азаптан құтқарғысы келгенін айтып ақталды. Алайда тергеу жұмыстары адамшошырлық бұл жағдайдың мүлдем басқа себебін анықтады.

Ауданаралық қылмыстық сот Шымкент тұрғынын өз баласын қасақана өлтіруге тырысқаны үшін (ол ісін соңына дейін апара алмаған) кінәлі деп тапты. Әйел 11 жыл 3 айға түрмеге тоғытылды.

Тергеу барысында психиатриялық сараптама жүргізіліп, безбүйрек ананың ақыл-есі дұрыс болғаны анықталды.

2016 жылы Тұрсынойдың 3 жасар ұлы алғаш рет ауруханаға түсіп, содан бастап мұнда жиі келетін болған.

«Бүлдіршінде ишемиялық инсульт болды, алайда генезді анықтай алмадық. Анасының айтуынша, түнгі уақытта оның тырыспасы ұстап қалатын. Оны емдедік, алғашқыда жан сақтау бөлімінде болды, кейін бөлімге ауыстырдық. Толық жазылғаннан кейін үйіне жібердік», – дейді №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Марина Валиева.

vlcsnap-00054-340x191

Алайда біраз уақыттан кейін ми ишемиясына шалдыққан бала қайтадан жан сақтау бөліміне түседі. Алайда дәрігерлер одан ұстамалы ауруды байқамаған.

Биылғы жылдың қаңтар айында ауруханада адамшошырлық жағдай орын алды. Көршілес палатада жатқан науқас Тұрсынойды баласын буындырып жатқан жерінен ұстап алған. Ол Тұрсынойды итеріп жіберіп, дәрігерлер мен мебдикелерді шақыртқан. Ал олар өз кезегінде полиция шақырған.

Тәртіп сақшылары безбүйрек ананы бірден алып кетті. Ал дәрігерлер таңға дейін бүлдіршіннің жанынан кетпеді.

Бірінші сот инстанциясынан кейін күдікті жазаны жеңілдету туралы арыз жазды. Қазіргі уақытта облыстық сот тағы бір сараптама тағайындады. Себебі әйелдің ақыл-есінің дұрыс екеніне ешкім сенбейді.

Айта кетерлігі, Тұрсынойдың екінші перзенті – қызы шамамен жарты жыл бұрын ишемиядан көз жұмған.

Оқи отырыңыз:

Үш баласы мен күйеуінен айырылып қалған әйел мүгедек қызымен жоқшылықта өмір сүріп жатыр

Алматыда 7 баласын жетектеген батыр ана бас сауғалайтын жер таппай, қаңғып жүр (фото)

Қостанай облысында ата-ана 9 жасар ұлдарын тамақ бермей аштан қатырған

Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді

Талқылау