ОҚО-да «Оңтүстік» футбол академиясы ашылды

Сәрсенбі, 2 Желтоқсан , 2015 8:02

Оңтүстік Қазақстан облысында  «Биік» спорт кешені базасында Қазақстанда тұңғыш рет «Оңтүстік» футбол академиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

20151201181724

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Сатыбалды мен Қазақстан футбол федерациясының президенті Қожағапанов қатысты.

ҚР футбол федерациясының қолдауымен Шымкент қаласындағы «Биік» спорт кешені жанынан құрылған «Оңтүстік» ФА 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді.

Академиядағы жас футболшыларға жоғары дәрежелі дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында испаниялық 5 білікті жаттықтырушы шақырылып жұмыс жасауда.

Академия Қазақстан Республикасы футбол федерациясы арқылы қаржыландырылуда. Жаттықтырушылар облыстың аудан, қалаларынан келген футболшылар арасынан іріктеу жұмыстарын жүргізіп, 2001, 2002, 2003 жылы туылған жасөспірімдер арасынан 3 топта 66 спортшыны қабылданып, футболмен тереңдетілген жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Академияның мақсаты жоғары дәрежелі футболшыларды еліміздің Премьер-Лига командаларына дайындау және шақырылған жаттықтырушылар арқылы жергілікті жаттықтырушылардың тәжірибелік дәрежелерін жоғарылату болып табылады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 1 облыстық, 31 аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде футбол бөлімдері жұмыс істейді. Онда 279 жаттықтырушы 8876 балаға оқу жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, облыста «Ордабасы» кәсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы, «Қазығұрт» спорт ойын түрлері клубы және «Қыран» футбол клубы, «Мақтарал» футболы клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары жұмыс жасауда.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар