ОҚО-да оқушы шекараны заңсыз кесіп өткен азаматтарды ұстауда шекарашыларға көмек көрсетті

Сәрсенбі, 10 Ақпан , 2016 11:50

Мектеп оқушысы  шекарашыларға Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткендерді ұстауда көмек көрсеткен. Сарыағаш ауданына қарасты «Достық» шекара қызметінің шекарашылары көршілес Өзбекстан елінің екі азаматы мемлекеттік шекараны жаяу кесіп өтіп жатқан жерінен ұстаған.

????????????????????????????????????

Күдіктілерді ұстау кезінде Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ ауылындағы «С.Айни» атындағы мектебінің алтыншы сынып оқушысы  Мұстафа Абдукаримов қажетті көмекті дер кезінде көрсете білген. Оқушы екі азаматтың шекарадан жаяу,әрі шекарашылардың назарынан тасаланып кележатқан байқап қалған. Оқушы дереу шекарашыларға мән-жайды жеткізген.

Тергеу барысында Өзбекстан азаматты өз жерлесімен бірге Қазақстан шекарасын жаяу, заңсыз кесіп өткені анықталған.

Көрсетілген көмегі үшін оқушы балаға ҚР ШҚ ҰҚК 2020  бөлімнің командирі  подполковник Бауыржан Абсаматов өз алғысын айтты. Оқушыны құттықтап оның мектебіне  де барған. Марапаттау рәсімі кезінде оқушының мектеп директоры мен сынып жетекшісіне, өзіне бағалы сыйлықтар мен алғыс хаты тапсырылған. Одан бөлек құттықтау шарасына оқушының ата-анасы Бақтияр мен Маржангүл  Абдукаримовтар арнайы шақыртылған.

????????????????????????????????????

Сондай-ақ, әскери шекара қызметінің оркестрі мектептің акт залында концерт қойды.

Салтанатты шараға ауылдықтар, жергілікті әкімдік қызметкерлері мен ұстаздар,оқушылар шақыртылған.

Бұл жергілікті халықтың шекара қызметкерлеріне көрсетіп отырған жалғыз көмегі емес. Бұған дейін өткен жылдың қыркүйегінде Сарыағаш ауданына қарасты «Қапыланбек» шекара қызметінің шекарашыларына «М.Ұлықбек» атындағы мектептің 7-ші, 5-ші сынып оқушылары көмекке келген болатын. Ол оқушылар да шекара қызметі басшыларынан тиісті сыйлықтары мен алғыс хаттарын алған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар